El curso está disponible
An error occurred while loading the video player, or it takes a long time to initialize. You can try clearing your browser cache. Please try again later and contact the helpdesk if the problem persists.
Аннотация: Коронавирустар – бұл қарапайым суықтаудан бастап Таяу Шығыстағы респираторлық синдромы (ТШРС/MERS) және Ауыр жіті респираторлық синдром (АЖРС/SARS) сияқты ауыр ауруларға дейін әртүрлі ауруларды тудыратын вирустардың үлкен тобы.
Жаңа коронавирус (COVID-19) 2019 жылы Қытайдың Ухань қаласында анықталды. Бұл бұрын адамдарда анықталмаған жаңа коронавирус.
Бұл курс COVID-19 және жаңа респираторлық вирустарына жалпы кіріспе жасайды және денсаулық сақтау мамандарына, төтенше жағдай жөніндегі менеджерлерге және Біріккен ұлттар ұйымында, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдарда жұмыс істейтін қызметкерлерге арналады.
Аурудың ресми атауы материал жасалғаннан кейін берілгендіктен, nCoV туралы кез-келген сөз COVID-19, ең соңғы анықталған коронавирус тудырған жұқпалы ауруды білдіреді.
Бұл курстың мазмұны қазіргі уақытта ең соңғы нұсқауларды көрсету үшін қайта қаралып жатқанын ескеріңіз. Сіз COVID-19-ға қатысты кейбір тақырыптар бойынша жаңартылған ақпаратты келесі курстардан таба аласыз:
Вакцинация: COVID-19 вакцина арнасы
IPC шаралары: COVID-19 үшін IPC
Антигенді жедел диагностикалық тестілеу: 1) SARS-CoV-2 антигенді жылдам диагностикалық тестілеу; 2) *SARS-CoV-2 антигені РДТ енгізу бойынша негізгі ойлар
Бұл курс келесі тілдерде қол жетімді:
English - français - Español - 中文 - Português - العربية - русский - Türkçe - српски језик - فارسی - हिन्दी, हिंदी - македонски јазик - Tiếng Việt - Indian sign language - magyar - Bahasa Indonesia - বাংলা - اردو - Kiswahili - አማርኛ - ଓଡିଆ - Hausa - Tetun - Deutsch - Èdè Yorùbá - Asụsụ Igbo - ਪੰਜਾਬੀ - isiZulu - Soomaaliga- Afaan Oromoo - دری - Kurdî - پښتو - मराठी - Fulfulde- සිංහල - Latviešu valoda - తెలుగు - Esperanto - ภาษาไทย - chiShona - Kreyòl ayisyen - தமிழ் - Ελληνικά
Шолу: Бұл курста жаңа респираторлық вирустарға, оның ішінде жаңа коронавирустарға жалпы кіріспе бар. Осы курстың соңында сіз келесіні сипаттай алуыңыз керек:
Әр модульде осы тақырыппен тереңірек танысуға көмектесетін ресурстар бар.
Оқытудың мақсаты: жаңа респираторлық вирустардың пайда болуының негізгі принциптерін және індетке тиімді жауап беру тәсілдерін сипаттау.
Курстың ұзақтығы: Шамамен 3 сағат.
Сертификаттар: Курсты аяқтағаны туралы сертификат тестілеу нәтижесі бойынша кемінде 80% балл жинаған қатысушыларға беріледі. Жетістік туралы жазбаны алған қатысушылар осы курс үшін Ашық белгіні жүктей алады. Қалай болатынын білу үшін мына жерді басыңыз.
Аурудың ресми атауы материал жасалғаннан кейін берілгендіктен, nCoV туралы кез-келген сөз COVID-19, ең соңғы анықталған коронавирус тудырған жұқпалы ауруды білдіреді.
Жаңа респираторлық вирустар, оның ішінде Emerging respiratory viruses, including COVID-19: methods for detection, prevention, response and control, 2020. ДДҰ осы аударманың мазмұны немесе дәлдігі үшін жауап бермейді. Ағылшын және басқа тілдегі аударма арасында қандай да бір сәйкессіздік болған жағдайда, ағылшын нұсқасына басымдық беріледі және түпнұсқасы болып табылады.*