An error occurred while loading the video player, or it takes a long time to initialize. You can try clearing your browser cache. Please try again later and contact the helpdesk if the problem persists.

Аннотация: Коронавирустар – бұл қарапайым суықтаудан бастап Таяу Шығыстағы респираторлық синдромы (ТШРС/MERS) және Ауыр жіті респираторлық синдром (АЖРС/SARS) сияқты ауыр ауруларға дейін әртүрлі ауруларды тудыратын вирустардың үлкен тобы.

Жаңа коронавирус (COVID-19) 2019 жылы Қытайдың Ухань қаласында анықталды. Бұл бұрын адамдарда анықталмаған жаңа коронавирус.

Бұл курс COVID-19 және жаңа респираторлық вирустарына жалпы кіріспе жасайды және денсаулық сақтау мамандарына, төтенше жағдай жөніндегі менеджерлерге және Біріккен ұлттар ұйымында, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдарда жұмыс істейтін қызметкерлерге арналады.

Аурудың ресми атауы материал жасалғаннан кейін берілгендіктен, nCoV туралы кез-келген сөз COVID-19, ең соңғы анықталған коронавирус тудырған жұқпалы ауруды білдіреді.

Бұл курстың мазмұны қазіргі уақытта ең соңғы нұсқауларды көрсету үшін қайта қаралып жатқанын ескеріңіз. Сіз COVID-19-ға қатысты кейбір тақырыптар бойынша жаңартылған ақпаратты келесі курстардан таба аласыз:

Вакцинация: COVID-19 вакцина арнасы

IPC шаралары: COVID-19 үшін IPC

Антигенді жедел диагностикалық тестілеу: 1) SARS-CoV-2 антигенді жылдам диагностикалық тестілеу; 2) *SARS-CoV-2 антигені РДТ енгізу бойынша негізгі ойлар

Self-paced
Language: Казақ тілі
COVID-19

Course information

Бұл курс келесі тілдерде қол жетімді:

English - français - Español - 中文 - Português - العربية - русский - Türkçe - српски језик - فارسی - हिन्दी, हिंदी - македонски јазик - Tiếng Việt - Indian sign language - magyar - Bahasa Indonesia - বাংলা - اردو - Kiswahili - አማርኛ - ଓଡିଆ - Hausa - Tetun - Deutsch - Èdè Yorùbá - Asụsụ Igbo - ਪੰਜਾਬੀ - isiZulu - Soomaaliga- Afaan Oromoo - دری - Kurdî - پښتو - मराठी - Fulfulde- සිංහල - Latviešu valoda - తెలుగు - Esperanto - ภาษาไทย - chiShona - Kreyòl ayisyen - தமிழ் - Ελληνικά

Шолу: Бұл курста жаңа респираторлық вирустарға, оның ішінде жаңа коронавирустарға жалпы кіріспе бар. Осы курстың соңында сіз келесіні сипаттай алуыңыз керек:

  • белгісіз респираторлық вирустардың көрінісі, індетті анықтау және бағалау әдістері, жаңа респираторлық вирустардан туындаған індеттің алдын алу және бақылау стратегиялары;
  • белгісіз респираторлық вирустың пайда болуын анықтауға, алдын алуға және әрекет етуге қауымдастықтарды тарту және қаупі туралы хабарлау үшін қандай да бір стратегияларды қолдану.

Әр модульде осы тақырыппен тереңірек танысуға көмектесетін ресурстар бар.

Оқытудың мақсаты: жаңа респираторлық вирустардың пайда болуының негізгі принциптерін және індетке тиімді жауап беру тәсілдерін сипаттау.

Курстың ұзақтығы: Шамамен 3 сағат.

Сертификаттар: Курсты аяқтағаны туралы сертификат тестілеу нәтижесі бойынша кемінде 80% балл жинаған қатысушыларға беріледі. Жетістік туралы жазбаны алған қатысушылар осы курс үшін Ашық белгіні жүктей алады. Қалай болатынын білу үшін мына жерді басыңыз.

Аурудың ресми атауы материал жасалғаннан кейін берілгендіктен, nCoV туралы кез-келген сөз COVID-19, ең соңғы анықталған коронавирус тудырған жұқпалы ауруды білдіреді.

Жаңа респираторлық вирустар, оның ішінде Emerging respiratory viruses, including COVID-19: methods for detection, prevention, response and control, 2020. ДДҰ осы аударманың мазмұны немесе дәлдігі үшін жауап бермейді. Ағылшын және басқа тілдегі аударма арасында қандай да бір сәйкессіздік болған жағдайда, ағылшын нұсқасына басымдық беріледі және түпнұсқасы болып табылады.*

Course contents

  • 1-ші модуль: Жаңа респираторлық вирустарға, оның ішінде COVID-19-ға кіріспе:

    Оқытудың жалпы мақсаты: респираторлық вирустардың қалай пайда болатынын және олардың адам денсаулығына қандай жаһандық қауіп төндіретінін түсіндіре білу.
  • 2-ші модуль: Жаңа респираторлық вирустарды, оның ішінде COVID-19 анықтау: эпидемиялық бақылау:

    Оқытудың жалпы мақсаты: жаңа респираторлық вирустың пайда болуын қалай анықтауға және бағалауға болатындығын сипаттай алу.
  • 3-ші модуль: Жаңа респираторлық вирустарды, оның ішінде COVID-19 анықтау: зертханалық зерттеулер:

    Оқытудың жалпы мақсаты: COVID-19 жағдайларын растау үшін қолданылатын қажетті сынамалардың әр түрлерін және зертханалық зерттеулердің түрін сипаттау.COVID-19.
  • 4-ші модуль: Қатерлерді хабарлау:

    Оқытудың жалпы мақсаты: жаңа респираторлық вирустар үшін қатерлерді хабарлаудың негізгі мәселелерін сипаттай білу; денсаулықты сақтау саласында ұсыныстарды тиімді қабылдау үшін кем дегенде үш кедергіні тізімдей алу және аурудың алғашқы жағдайы кезіндегі қатер туралы хабарлау процесі бойынша негізгі іс-шараларды анықтау.
  • 5-ші модуль: Қоғамды тарту:

    Оқытудың жалпы мақсаты: аурудың алғашқы жағдайы кезінде қауымдастықты тартудың кем дегенде үш себебін сипаттай алу; қауымдастықты тарту кезінде кездесетін мәселелерді тізімдей алу және қауымдастықты аурудың алғашқы жағдайын анықтау, алдын алу және әрекет ету бойынша жұмысқа тиімді тартудың тәсілдерін сипаттай алу.
  • 6-ші модуль: Жаңа респираторлық вирусқа, оның ішінде COVID-19 қатысты алдын алу және әрекет ету шаралары:

    Оқытудың жалпы мақсаты: COVID-19 қоса, жаңа респираторлық патогендердің алдын алу және бақылау стратегияларын сипаттай алу.

Enroll me for this course

The course is free. Just register for an account on OpenWHO and take the course!
Enroll me now

Certificate Requirements

  • Gain a Record of Achievement by earning at least 80% of the maximum number of points from all graded assignments.