There is no public course content yet.

Self-paced course

COVID-19: Жеке қорғаныс құралдарын (ЖҚҚ) қалай дұрыс кию және шешіп тастау керек

COVID-19: Жеке қорғаныс құралдарын (ЖҚҚ) қалай дұрыс кию және шешіп тастау керек

Бұл медициналық мекемелердегі науқастарға күтім жасайтын медицина қызметкерлеріне арналған нұсқаулық. Ол өзін дұрыс қорғау үшін қажет жеке қорғаныс құралдарының немесе ЖҚҚ түрін көрсетуге бағытталған. Ағымдағы қолжетімді дәлелдерге сүйене отырып, ДДҰ COVID науқастарына күтім жасау үшін ЖҚҚ-ны КОНТАКТІ және АУА-ТАМШЫ сақтық шаралары үшін қолданады, тек КОНТАКТІ және АУА қажет ететін аэрозоль жасайтын процедураларын қоспағанда (демек, N95, FFP2, FFP3 сияқты респираторлық маскалар) . ЖҚҚ инфекциялардың алдын алу және бақылау жөніндегі неғұрлым кең шаралар кешенінің бөлігі болып табылатынын және COVID-19 науқастарын жүргізудің мультимодальдық стратегиясы шеңберінде жүзеге асырылуға тиіс екенін есте ұстаған жөн. ЖҚҚ пайдалануға оқытылған және құзыретті клиникалық персонал ғана науқас палатасына кіруге рұқсат болғаны тиіс.

Бұл материалдар 15.04.2020 жылы іске қосылды. COVID-19-ға қатысты ғылыми дәлелдер мен техникалық нұсқаулар үнемі дамып отыратындықтан, соңғы жаңартуларды https://www.who.int/emergencies/diseases/novel-coronavirus-2019 сайтынан қараңыз.

Self-paced
Language: Казақ тілі
Казақ тілі
COVID-19

Course information

This course is also available in the following languages:

English - العربية - македонски - 中文 - Shqip - français - ภาษาไทย - Português - Español

Шолу: Бұл медициналық мекемелердегі науқастарға күтім жасайтын медицина қызметкерлеріне арналған нұсқаулық. Ол өзін дұрыс қорғау үшін қажет жеке қорғаныс құралдарының немесе ЖҚҚ түрін көрсетуге бағытталған. Ағымдағы қолжетімді дәлелдерге сүйене отырып, ДДҰ COVID науқастарына күтім жасау үшін ЖҚҚ-ны КОНТАКТІ және АУА-ТАМШЫ сақтық шараларын қолданады, тек КОНТАКТІ және АУА қажет ететін аэрозоль жасайтын процедураларын қоспағанда (демек, N95, FFP2, FFP3 сияқты респираторлық маскалар) . ЖҚҚ инфекциялардың алдын алу және бақылау жөніндегі неғұрлым кең шаралар кешенінің бөлігі болып табылатынын және COVID-19 науқастарын жүргізудің мультимодальдық стратегиясы шеңберінде жүзеге асырылуға тиіс екенін есте ұстаған жөн. ЖҚҚ пайдалануға оқытылған және құзыретті клиникалық персонал ғана науқас палатасына кіруге рұқсат болғаны тиіс.

Оқу мақсаттары: Осы курстың соңында қатысушылар келесіні жасай алады:

  • ЖҚҚ кию мен шешіп тастаудың дұрыс әдісін көрсету; және
  • ДДҰ ұсынған әдіске сәйкес қолды спиртке негізделген антисептигімен өңдеу (СНА) арқылы қол гигиенасын дұрыс орындау әдісін көрсету.

Курстың ұзақтығы: Шамамен 15 минут.

Сертификат: Қатысуды растау сертификаты курс материалының 100%-ын орындаған қатысушыларға беріледі.

Осы курсты аяқтағаннан кейін, егер сіз COVID-19 контекстінде инфекцияның алдын алу және бақылаудың (ИАБ) басқа аспектілері туралы көбірек білгіңіз келсе, OpenWHO курсына жүгініңіз: Жаңа коронавирустың (COVID-19) Инфекциялардың алдын алу және бақылау (IPC):

Қазақ тіліне аударылған, COVID-19: How to put on and remove personal protective equipment (PPE), 2020. ДДҰ осы аударманың мазмұны немесе дәлдігі үшін жауап бермейді. Ағылшын және қазақ тіліндегі аударма арасында қандай да бір сәйкессіздік болған жағдайда, басымдық ағылшын нұсқасына беріледі және түпнұсқасы болып табылады.

Course contents

  • 1-ші модуль: COVID-19 үшін ауа-тамшы/контакті сақтық шараларына сәйкес ЖҚҚ кию және шешіп тастау бойынша нұсқаулық:

    Бұл модуль COVID-19 үшін ауа-тамшы/контакті сақтық шараларына сәйкес ЖҚҚ-ны кию және шешіп тастау туралы бейне нұсқаулықты, сондай-ақ екі постер ресурсын ұсынады. Осы модульдің соңында қатысушылар ДДСҰ ұсынған COVID-19 ауа-тамшы/контакті сақтық шаралары әдісіне сәйкес жеке қорғаныс құралдарын киюдің дұрыс әдісін көрсете алуы керек.
  • 2-ші модуль: COVID-19 аэрозоль тудыратын процедуралары үшін ауа-тамшы/контакті сақтық шараларына сәйкес ЖҚҚ кию және шешіп тастау бойынша нұсқаулық:

    Бұл модуль COVID-19 үшін ауа-тамшы/контакті сақтық шараларына сәйкес ЖҚҚ кию және шешіп тастау туралы бейне нұсқаулықты ұсынады. Осы модульдің соңында қатысушылар ДДҰ ұсынған COVID-19 ауа-тамшы/контакті сақтық шаралары әдісіне сәйкес жеке қорғаныс құралдарын киюдің дұрыс әдісін көрсете алуы керек.

Enroll me for this course

The course is free. Just register for an account on OpenWHO and take the course!
Enroll me now
Learners enrolled: 662

Certificate Requirements

  • Gain a Confirmation of Participation by completing at least 100% of the course material.