Cours est disponible
COVID-19 вакцинациясын жүргізуге қатысатын барлық медициналық қызметкерлері COVID-19 вакцинасын қауіпсіз және тиімді енгізуді қамтамасыз ету үшін жеткілікті білім мен дағдыға ие болуы керек. "COVID-19 вакцинациясы бойынша медициналық қызметкерлерді оқыту" топтамасы барлық елдегі алдыңғы қатарда жұмыс жасап жатқан медицина қызметкерлеріне арналған. ЮНИСЕФ-пен бірлесе отырып әзірленген топтама бейне дәрістер, сауалнамалар, жұмыс дәптері, интерактивті жаттығулар және ақпаратқа толы жүктелетін презентациялары бар 6 модульден тұрады.
Назар аударыңыз: бұл материалдар 18.12.2020 жылы іске қосылды.
Фото: WHO/Blink Media – Giliane Soupe
Бұл курсты келесі тілдерде оқуға болады:
English - Bahasa Indonesia - македонски - Русский - 中文- Tiếng Việt- العربية - Español - Nederlands - français - Português - ၽႃႇသႃႇတႆး - မြန်မာစာ - ကညီစှီၤကျိာ်
Жалпы шолу: ДДҰ ғалымдармен, іскер топтармен және жаһандық денсаулық сақтау ұйымдарымен бірлесе отырып пандемияға қарсы іс-шараларды жеделдету және COVID-19 вакциналарының әділ қол жетімділігі мен таралуын жеңілдету үшін жұмыс істейді. Бұл курста COVID-19 туралы жалпы ақпарат және вакцинаны сақтау, өңдеу және енгізу, тіркеу және мониторингтеу туралы нақты ақпаратты, оның ішінде иммунизациядан кейінгі қолайсыз көріністерді (ИКҚК), сондай-ақ біліміңізді тексеру үшін қысқа бейне дәрістер сериясы мен викториналар арқылы кері байланыс (қабылдау және сұрау әдісі бойыша) бар. Бұл курс, ең алдымен, вакцинациялаушы және басымы реципиенттер болатын алдыңғы қатардағы медицина қызметкерлеріне арналған.
Оқыту мақсаты: Осы курстың соңында сіз мыналарды меңгере аласыз:
Курс ұзақтығы: Шамамен 3 сағат.
Сертификаттар: Курс сауалнамаларының нәтижелері бойынша 80% және одан да көп балл жинаған қатысушылар Record of Achievement сертификатына ие болады. Жетістік туралы жазбаны алған қатысушылар осы курс үшін Ашық белгіні жүктей алады. Қалай болатынын білу үшін мына жерді басыңыз.
Бұл курс ЮНИСЕФ-пен бірлесе отырып жасалынған. Барлық контент ДДҰ-ның техникалық тексеруінен өткен.
COVID-19 vaccination training for health workers (жылы) курсының қазақ тіліне аудармасы. ДДҰ(Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы) осы аударманың дәлдігі немесе мазмұны үшін жауап бермейді. Ағылшынша нұсқа мен қазақша аударманың арасында қандай да бір сәйкессіздік болған жағдайда ағылшынша нұсқасына басымдық беріледі және түпнұсқасы болып саналады.