Course is available

COVID-19 вакцинациясы бойынша медициналық қызметкерлерді оқыту

Offered by OpenWHO
COVID-19 вакцинациясы бойынша медициналық қызметкерлерді оқыту

COVID-19 вакцинациясын жүргізуге қатысатын барлық медициналық қызметкерлері COVID-19 вакцинасын қауіпсіз және тиімді енгізуді қамтамасыз ету үшін жеткілікті білім мен дағдыға ие болуы керек. "COVID-19 вакцинациясы бойынша медициналық қызметкерлерді оқыту" топтамасы барлық елдегі алдыңғы қатарда жұмыс жасап жатқан медицина қызметкерлеріне арналған. ЮНИСЕФ-пен бірлесе отырып әзірленген топтама бейне дәрістер, сауалнамалар, жұмыс дәптері, интерактивті жаттығулар және ақпаратқа толы жүктелетін презентациялары бар 6 модульден тұрады.

Назар аударыңыз: бұл материалдар 18.12.2020 жылы іске қосылды.

Фото: WHO/Blink Media – Giliane Soupe

Self-paced
Language: Казақ тілі
English
COVID-19

Course information

Бұл курсты келесі тілдерде оқуға болады:

English - Bahasa Indonesia - македонски - Русский - 中文- Tiếng Việt- العربية - Español - Nederlands - français - Português - ၽႃႇသႃႇတႆး - မြန်မာစာ - ကညီစှီၤကျိာ်

Жалпы шолу: ДДҰ ғалымдармен, іскер топтармен және жаһандық денсаулық сақтау ұйымдарымен бірлесе отырып пандемияға қарсы іс-шараларды жеделдету және COVID-19 вакциналарының әділ қол жетімділігі мен таралуын жеңілдету үшін жұмыс істейді. Бұл курста COVID-19 туралы жалпы ақпарат және вакцинаны сақтау, өңдеу және енгізу, тіркеу және мониторингтеу туралы нақты ақпаратты, оның ішінде иммунизациядан кейінгі қолайсыз көріністерді (ИКҚК), сондай-ақ біліміңізді тексеру үшін қысқа бейне дәрістер сериясы мен викториналар арқылы кері байланыс (қабылдау және сұрау әдісі бойыша) бар. Бұл курс, ең алдымен, вакцинациялаушы және басымы реципиенттер болатын алдыңғы қатардағы медицина қызметкерлеріне арналған.

Оқыту мақсаты: Осы курстың соңында сіз мыналарды меңгере аласыз:

  • патогенді (SARS-CoV-2) және коронавирусты ауруды (COVID-19) сипаттауды;
  • суықтық тізбектің талаптарын, әртүрлі жеткізу жағдайлары үшін сақтау және өңдеу қағидаларын түсіндіру және қалдықтарды жоюдың тәсілдерін/процедураларын сипаттауды;
  • COVID-19 вакцинасын енгізу процесін сипаттау және иммундық сессия кезіндегі инфекциялардың алдын алу және бақылау шараларын анықтау;
  • иммунизациядан кейінгі қолайсыз көріністерді (ИКҚК) анықтауды және COVID-19 вакцинациясынан кейін ИКҚК туралы есептілік қалай жасалатынын түсіндіруді;
  • есепке алу және тіркеу нысандарына бейімделу, вакцинациядан бас тартқандарды қалай түсіндіру және қадағалау керектігін;
  • COVID-19 вакцинациясына қатысты тиімді және жеке амал-тәсілдерді көрсете білуді.

Курс ұзақтығы: Шамамен 3 сағат.

Сертификаттар: Курс сауалнамаларының нәтижелері бойынша 80% және одан да көп балл жинаған қатысушылар Record of Achievement сертификатына ие болады. Жетістік туралы жазбаны алған қатысушылар осы курс үшін Ашық белгіні жүктей алады. Қалай болатынын білу үшін мына жерді басыңыз.

Бұл курс ЮНИСЕФ-пен бірлесе отырып жасалынған. Барлық контент ДДҰ-ның техникалық тексеруінен өткен.

COVID-19 vaccination training for health workers (жылы) курсының қазақ тіліне аудармасы. ДДҰ(Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы) осы аударманың дәлдігі немесе мазмұны үшін жауап бермейді. Ағылшынша нұсқа мен қазақша аударманың арасында қандай да бір сәйкессіздік болған жағдайда ағылшынша нұсқасына басымдық беріледі және түпнұсқасы болып саналады.

Course contents

  • Модуль 1: COVID-19 вакцинациясы бойынша оқытуға кіріспе:

    Бұл медициналық қызметкерлерге/вакцинаторларға COVID-19 вакцинациясы туралы негізгі ақпаратты беруге бағытталған курсқа кіріспе.
  • Модуль 2: COVID-19 вакциналарын сақтау, өңдеу, жеткізу және жою:

    Бұл модуль үш бөлімге бөлінеді, олар: COVID-19 вакциналарының бағдарламалық салдары; COVID-19 вакциналарын сақтауды, тасымалдауды және жеткізуді ұйымдастыру; екпелік постта суықтық тізбекті сақтау және мекеме деңгейінде қалдықтарды басқару.
  • Модуль 3: COVID-19 иммундау сеансын ұйымдастыру:

    Осы модульдің соңында сіз мыналарды біле аласыз: медициналық қызметкерлерді, вакцина алушыларды және қоғамдастықты қорғау үшін вакцинация кезінде инфекциялардың алдын алу және бақылау шараларын ұйымдастыруды; инфекцияның алдын алу және бақылау хаттамаларына сәйкес вакцинация сеанстарына қалай дайындалатындығыңызды (медициналық мекемелерде, ақпараттық-насихаттық жұмыстарда, топтар үшін) сипаттауды; сонымен қатар COVID-19 вакцинасын қауіпсіз енгізу және қалдықтарды жою процесін сипаттауды.
  • Модуль 4: COVID-19-ға қарсы вакцинация кезіндегі иммунизациядан кейінгі қолайсыз көрсеткіштерді (ИКҚК) бақылау:

    Осы модульдің соңында сіз мыналарды біле аласыз: иммунизациядан кейінгі қолайсыз көрсеткіштерді (ИКҚК) анықтау; ИКҚК қалай анықтауды мен оларға қарсы жұмыс жасау; және COVID-19 вакцинциясынан кейінгі ИКҚК қалай хабарлау керектігін түсіндіру.
  • Модуль 5: COVID-19 вакцинациясын есепке алу және мониторингілеу:

    Осы модульдің соңында сіз біле аласыз: дұрыс тіркеу мен есеп жүргізудің маңыздылығын түсіндіру; есепке алу және тіркеу формаларын тану; вакцинация туралы ақпараттарды дұрыс жазу мен есепке алу формаларында вакцинацияны тіркеу; сонымен қатар келуден жалтартқандарды қалай бақылау керектігін түсіндіру (егер мүмкін болса).
  • Модуль 6: COVID-19-ға қарсы вакцинация жөнінде қоғамдастықпен байланыс орнату:

    Осы модульдің соңында сіз мыналарды танып біле аласыз: COVID-19 вакцинациясына қатысты медициналық қызметкерлердің рөлі мен жауапкершілігін сипаттау; COVID-19 вакцинациясы туралы тиімді және жекебас хабарламаларды көрсете білу; қоғамдастық мүшелерімен үш ықтимал сценарий бойынша байланыс стратегияларын түсіндіру; және вакцинатордың иммунизациядан кейінгі қолайсыз көрсеткіштеріне (ИКҚК) кризисті қатынасының рөлін түсіндіру.

Enroll me for this course

The course is free. Just register for an account on OpenWHO and take the course!
Enroll me now

Certificate Requirements

  • Gain a Record of Achievement by earning at least 80% of the maximum number of points from all graded assignments.
  • Gain an Open Badge by completing the course.