Cours est disponible

COVID-19 белгілері бар науқастарды клиникалық басқару - COVID-19 белгілері бар науқастарды оңалту

Offert par OpenWHO
COVID-19 белгілері бар науқастарды клиникалық басқару - COVID-19 белгілері бар науқастарды оңалту

Үзінді: COVID-19 ауруына шалдыққан емделушілерді клиникалық жүргізу курстарының сериясы COVID-19 ауруына шалдыққан емделушілерді оңалтуға арналған. Курстың жеті модулі аясында COVID-19 ауруынан жазылған емделушілерді, соның ішінде когнитивтік бұзылыстарға, физикалық бейімсіздену мен әлсіздікке, тыныс алу және жұту функцияларының бұзылуына, коммуникативтік бұзылыстарға және күнделікті қызметіндегі мәселелерге душар болған емделушілердің әртүрлі әлеуетті оңалту мұқтаждықтары қаралады. Сондай-ақ оңалту әдістері қаралады.

Бұл материалдар 13.01.2021 жылы іске қосылды. COVID-19-ға қатысты ғылыми дәлелдер мен техникалық нұсқаулар үнемі дамып отыратындықтан, бұл курстағы материалдар ескірген. Бұл курс қайта қарастырылуда. Әзірге соңғы жаңартулар үшін https://www.who.int/emergencies/diseases/novel-coronavirus-2019 сілтемесін қараңыз.

Назар аударыңыз: Бұл материалдар 13.01.2021 жылы жарияланған.

ДДСҰ / Blink Media - Мартин Аим

En mode autodidacte
Langue: Казақ тілі
COVID-19

Informations sur le cours

Бұл курс келесі тілдерде де қолжетімді:

English - Macedonian - Français - Shqip - 中文 - Русский - Українська

Шолу: COVID-19 ауруына шалдыққан емделушілерді клиникалық жүргізу курстары сериясы COVID-19 пандемиясы кезінде медициналық қызметкерлер үшн әзірленген. Бұл курстар сериясы емделушілерге қауіпсіз, тиімді және сапалы күтім жасау үшін қажет болатын маңызды білім алуға мүмкіндік береді. Таныстырылымдар клиникалық жүргізудің барлық аспектілерін қамтиды, соның ішінде мыналарды қоса алғанда: мекемені дайындау және шұғыл әрекет ету шараларын жоспарлау; медициналық қызметкерлердің арасында инфекцияның таралуына профилактика жасау және бақылау; бөлімшелердің арасында инфекцияның таралуы; жеңіл, орташа және ауыр дәрежедегі COVID-19 ауруына шалдыққан емделушілерді клиникалық жүргізу; COVID-19 ауруына шалдыққан қарт, жүкті емделушілер мен балаларды емдеуге қатысты ерекше ой-пікірлерге қатысты; оңалту; этика мәселелері және паллиативтік көмек.

Курстар сериясы сондай-ақ соңғы ұсынымдар мен нақты деректердің ескерілуімен жаңартылған бейне-дәрістер мен жүктелетін таныстырылымдарды қамтиды. Әр курста 5-8 модуль бар, ал әр модульде алынған білімді бағалауға арналған сынақ бар.

Егер сіз COVID-19 ауруына шалдыққан емделушілерді клиникалық жүргізудің басқа аспектілері туралы көбірек білуге қызығушылық танытсаңыз, «COVID-19 ауруына шалдыққан емделушілерді клиникалық жүргізу» сериясының келесі курстарымен танысып шығыңыз:

Оқудың мақсаты:

Курсты тәмамдағаннан кейін қатысушылар келесілерді үйренуі тиіс:

  • COVID-19 тудырған асқынуларды емдеуде оңалтудың рөлін түсіну;
  • COVID-19 кезінде оңалтумен байланысты бірқатар бұзылыстардың этиологиясын сипаттау;
  • Оңалтуға деген мұқтаждыққа қатысты кімді және қашан тексеру қажет екенін білу;
  • Емделушілерге және олардың отбасыларына ақпарат және кеңес беру; және
  • Денсаулықпен байланысты бұзылыстарды еңсеруде емделушілер мен олардың отбасыларына көмек көрсету стратегиялары бойынша кеңес беру.

Курстың ұзақтығы: Бұл курстың ұзақтығы шамамен 3 сағатты құрайды.

Сертификаттар: Барлық сынақтар бойынша ұпайлардың жалпы санының кемінде 80%-ын жинаған қатысушыларға курсты тәмамдау туралы сертификат беріледі. Қатысқанын растау туралы сертификат курс материалының кемінде 80%-ын алған қатысушыларға да беріледі. Курсты тәмамдағаны туралы сертификатты алған қатысушылар курсты тәмамдағанын растайтын белгішені де жүктей алады. Бұны қалай жасау кеектігін білу үшін мұнда түртіңіз.

Курс қазақ тіліне аударылған. Курс атауы: Clinical management of patients with COVID-19: Rehabilitation of patients with COVID-19, 2021. ДДҰ бұл аударманың мазмұны мен дәлдігі үшін жауап бермейді. Ағылшын тілі мен қазақ тілі арасында сәйкессіздіктер болған жағдайда ағылшын тіліндегі түпнұсқасына басымдық беріледі және дұрыс нұсқасы болып табылады. Бұл аударманы ДДҰ тексермеген. Бұл ресурс тек оқу мақсатына арналған.

Contenu du cours

  • 1-модуль: Оңалтуға шолу және емделушіні жүргізу жоспары:

    Бұл модульді тәмамдағаннан кейін қатысушылар емделушіні емдеу кезінде оңалтуға қойылатын әлеуетті талаптарды сипаттап үйренуі тиіс; жіті ауру кезіндегі және жіті аурудан кейінгі оңалтуға пәнаралық үлесті мойындауы тиіс және COVID-19 ауруына шалдыққан емделушілерді оңалтумен байланысты әлеуетті мәселелер мен тәуекелдерді, сондай-ақ оларды жою стратегияларын сипаттауы тиіс.
  • 2-модуль: COVID-19 ауруынан кейін когнитивтік бұзылыстары бар емделушілерді оңалту:

    Бұл модульді тәмамдағаннан кейін қатысушылар COVID-19 кезіндегі когнитивтік бұзылыстардың этиологиясын сипаттауды үйренуі тиіс; когнитивтік бұзылыстарға қатысты кімді және қашан тексеру керектігін білуі тиіс; емделушілерге және олардың отбасыларына ақпарат және кеңес беруі тиіс, сондай-ақ когнитивтік бұзылыстарды еңсеруге жәрдемдесетін стратегиялар бойынша оларға кеңес беруі тиіс.
  • 3-модуль: COVID-19 ауруынан кейін физикалық бейімсіздену мен бұлшықет әлсіздігі бар емделушілер үшін оңалт:

    Бұл модульді тәмамдағаннан кейін қатысушылар COVID-19 мәнмәтінінде физикалық бейімсіздену мен бұлшықет әлсіздігінің этиологиясын сипаттауды үйренуі тиіс; физикалық бейімсізденуге қатысты кімді және қашан тексеру керектігін білуі тиіс; физикалық бейімсіздену мәселелері бойынша емделушілерге және олардың отбасыларына ақпарат және кеңес беруі тиіс; физикалық бейімсізденуі бар емделушілер үшін оңалту іс-шаралары бойынша кеңес беруі тиіс.
  • 4-модуль: COVID-19 ауруынан кейін өкпе зақымдануы бар емделушілерді оңалту:

    Бұл модульді тәмамдағаннан кейін қатысушылар COVID-19 мәнмәтінінде өкпе функциясы бұзылуының этиологиясын сипаттауды үйренуі тиіс; өкпе функциясының бұзылуына қатысты кімді және қашан тексеру керектігін білуі тиіс; өкпе функциясы бұзылған емделушілерге және олардың отбасыларына ақпарат және кеңес беруі тиіс; сондай-ақ өкпе функциясы бұзылған емделушілер үшін қарастырылған оңалту іс-шаралары бойынша кеңес беруі тиіс.
  • 5-модуль: COVID-19 ауруынан кейін жұту функциясы бұзылған емделушілерді оңалту:

    Бұл модульді тәмамдағаннан кейін қатысушылар COVID-19 мәнмәтінінде жұту (дисфагия) функциясының әлеуетті бұзылуының этиологиясын сипаттауды үйренуі тиіс; жұту функциясын тексеруді қашан жүргізу керектігін білуі тиіс; жұту функциясы бұзылған емделушілерге және олардың отбасыларына ақпарат және кеңес беруі тиіс, сондай-ақ емделушілерге және олардың отбасыларына дисфагияны еңсеруге көмектесу үшін стратегиялар туралы ақпарат пен кеңес беруі тиіс.
  • 6-модуль: COVID-19 ауруынан кейін коммуникативтік бұзылыстары бар емделушілерді оңалту:

    Бұл модульді тәмамдағаннан кейін қатысушылар COVID-19 мәнмәтінінде коммуникативтік бұзылыстардың әлеуетті этиологиясын сипаттауды үйренуі тиіс; коммуникативтік бұзылыстарға қатысты кімді және қашан тексеру керектігін білуі тиіс; коммуникативтік бұзылыстары бар емделушілерге және олардың отбасыларына ақпарат және кеңес беруі тиіс, сондай-ақ емделушілерге және олардың отбасыларына коммуникативтік бұзылыстарды еңсеруге көмектесу үшін стратегиялар туралы ақпарат пен кеңес беруі тиіс.
  • 7-модуль: COVID-19 ауруынан кейін күнделікті өмірде қиындықтарға душар болатын емделушілерді оңалту:

    Бұл модульді тәмамдағаннан кейін қатысушылар COVID-19 мәнмәтінінде күнделікті өмірде қиындықтардың туындауына жағдай жасауы мүмкін негізгі факторларды сипаттауды үйренуі тиіс; мұндай қиындықтарды бағалаудың кімге пайдалы болатынын білуі тиіс; күнделікті өмірдегі қиындықтарға қатысты емделушілерге және олардың обасыларына ақпарат және кеңес беруі тиіс; энергия үнемдеу стратегияларын ұсыну және күнделікті өмердегі көрсеткіштерді көтеру үшін қоршаған ортаның әлеуетті өзгерістерін сипаттауы тиіс.

Inscrivez-moi à ce cours

Le cours est en accès libre. Créez votre compte et suivez le cours sur OpenWHO.
Inscrivez-moi maintenant

Certificate Requirements

  • Obtenez un certificat de réussite en gagnant plus de 80% du nombre maximal de points pour la somme de toutes les tâches hebdomadaires.
  • Obtenez une attestation de participation en complétant au moins 80% du matériel du cours.
  • Obtenez un Open Badge en complétant le cours.