El curso está disponible
Үзінді: COVID-19 ауруына шалдыққан емделушілерді клиникалық жүргізу курстарының сериясы COVID-19 ауруына шалдыққан емделушілерді оңалтуға арналған. Курстың жеті модулі аясында COVID-19 ауруынан жазылған емделушілерді, соның ішінде когнитивтік бұзылыстарға, физикалық бейімсіздену мен әлсіздікке, тыныс алу және жұту функцияларының бұзылуына, коммуникативтік бұзылыстарға және күнделікті қызметіндегі мәселелерге душар болған емделушілердің әртүрлі әлеуетті оңалту мұқтаждықтары қаралады. Сондай-ақ оңалту әдістері қаралады.
Бұл материалдар 13.01.2021 жылы іске қосылды. COVID-19-ға қатысты ғылыми дәлелдер мен техникалық нұсқаулар үнемі дамып отыратындықтан, бұл курстағы материалдар ескірген. Бұл курс қайта қарастырылуда. Әзірге соңғы жаңартулар үшін https://www.who.int/emergencies/diseases/novel-coronavirus-2019 сілтемесін қараңыз.
Назар аударыңыз: Бұл материалдар 13.01.2021 жылы жарияланған.
ДДСҰ / Blink Media - Мартин Аим
Бұл курс келесі тілдерде де қолжетімді:
English - Macedonian - Français - Shqip - 中文 - Русский - Українська
Шолу: COVID-19 ауруына шалдыққан емделушілерді клиникалық жүргізу курстары сериясы COVID-19 пандемиясы кезінде медициналық қызметкерлер үшн әзірленген. Бұл курстар сериясы емделушілерге қауіпсіз, тиімді және сапалы күтім жасау үшін қажет болатын маңызды білім алуға мүмкіндік береді. Таныстырылымдар клиникалық жүргізудің барлық аспектілерін қамтиды, соның ішінде мыналарды қоса алғанда: мекемені дайындау және шұғыл әрекет ету шараларын жоспарлау; медициналық қызметкерлердің арасында инфекцияның таралуына профилактика жасау және бақылау; бөлімшелердің арасында инфекцияның таралуы; жеңіл, орташа және ауыр дәрежедегі COVID-19 ауруына шалдыққан емделушілерді клиникалық жүргізу; COVID-19 ауруына шалдыққан қарт, жүкті емделушілер мен балаларды емдеуге қатысты ерекше ой-пікірлерге қатысты; оңалту; этика мәселелері және паллиативтік көмек.
Курстар сериясы сондай-ақ соңғы ұсынымдар мен нақты деректердің ескерілуімен жаңартылған бейне-дәрістер мен жүктелетін таныстырылымдарды қамтиды. Әр курста 5-8 модуль бар, ал әр модульде алынған білімді бағалауға арналған сынақ бар.
Егер сіз COVID-19 ауруына шалдыққан емделушілерді клиникалық жүргізудің басқа аспектілері туралы көбірек білуге қызығушылық танытсаңыз, «COVID-19 ауруына шалдыққан емделушілерді клиникалық жүргізу» сериясының келесі курстарымен танысып шығыңыз:
Оқудың мақсаты:
Курсты тәмамдағаннан кейін қатысушылар келесілерді үйренуі тиіс:
Курстың ұзақтығы: Бұл курстың ұзақтығы шамамен 3 сағатты құрайды.
Сертификаттар: Барлық сынақтар бойынша ұпайлардың жалпы санының кемінде 80%-ын жинаған қатысушыларға курсты тәмамдау туралы сертификат беріледі. Қатысқанын растау туралы сертификат курс материалының кемінде 80%-ын алған қатысушыларға да беріледі. Курсты тәмамдағаны туралы сертификатты алған қатысушылар курсты тәмамдағанын растайтын белгішені де жүктей алады. Бұны қалай жасау кеектігін білу үшін мұнда түртіңіз.
Курс қазақ тіліне аударылған. Курс атауы: Clinical management of patients with COVID-19: Rehabilitation of patients with COVID-19, 2021. ДДҰ бұл аударманың мазмұны мен дәлдігі үшін жауап бермейді. Ағылшын тілі мен қазақ тілі арасында сәйкессіздіктер болған жағдайда ағылшын тіліндегі түпнұсқасына басымдық беріледі және дұрыс нұсқасы болып табылады. Бұл аударманы ДДҰ тексермеген. Бұл ресурс тек оқу мақсатына арналған.