Course is available
COVID-19 шалдыққан науқастардың клиникалық жағдайда емдеу курстар жиынтығы курсында COVID-19 жеңіл, орташа және ауыр түріне шалдыққан науқастарды емдеу стратегиясына шолу жасалады. " COVID-19 зертханалық зерттеулер" жұмысында және "COVID-19 рентген кескіндері" тақырыбына арналған үш модульде зерттеулер мен диагностика талқыланады. "Мұрын канюлалары мен бет маскалары арқылы оттегі терапиясы" жұмысында оттегінің енгізілуіне ерекше назар аударылады. «Жеңіл және орташа COVID-19 емдеу », «Ауыр COVID-19 емдеу» және «Қосалқы инфекциялар мен COVID-19-да микробқа қарсы препараттарды қолдану» жұмыстарында емдеу сұрақтары қарастырылады. Осы курсты толықтыратын COVID-19 терапиясы мен алдын-алуға арналған жеке курс бар екенін ескеріңіз.
Бұл материалдар 24.06.2021 жылы іске қосылды. COVID-19-ға қатысты ғылыми дәлелдер мен техникалық нұсқаулар үнемі дамып отыратындықтан, бұл курстағы материалдар ескірген. Бұл курс қайта қарастырылуда. Әзірге соңғы жаңартулар үшін https://www.who.int/emergencies/diseases/novel-coronavirus-2019 сілтемесін қараңыз.
Фото кредиттер: WHO/ Asad Zaidi
Бұл курс келесі тілдерде қол жетімді:
English - हिन्दी, हिंदी - नेपाली - Tiếng Việt - मैथिली- Русский
Шолу: COVID-19 шалдыққан науқастардың клиникалық жағдайда емдеу курстар жиынтығы COVID-19 пандемиясы кезінде медицина қызметкерлеріне арналып құрастырылған. Курс науқастарға қауіпсіз, тиімді және сапалы күтімді қамтамасыз етуге қажетті маңызды білімді ұсынады. Презентациялар клиникалық жағдайда емдеудің барлық аспектілерін, оның ішінде қондырғыларды дайындау мен асқынуды жоспарлау; медицина қызметкерлері арасында инфекциялардың алдын-алу және бақылау; өзара жұқтыру; COVID-19 жеңіл, орташа және ауыр түріне шалдыққан науқастарды емдеу; егде жастағы, жүкті және педиатриялық COVID-19 науқастарына ерекше назар аудару; оңалту; сондай-ақ этика және паллиативті көмек тақырыптарын қарастырады. Курстар жиынтығында бейне дәрістер мен жүктелетін презентациялар қолданылады, олар соңғы ұсыныстар мен дәлелдерді ескере отырып жаңартылды. Әр модульде 5-8 дәріс бар және әр дәрісте білім алуды бағалауға арналған тест қарастырылған.
Егер сіз COVID-19 шалдыққан науқастардың клиникалық жағдайда емдеудің басқа аспектілері туралы көбірек білгіңіз келсе, осы курстардың қалған модульдерін қарап шығыңыз:
Оқу мақсаты:
Бұл курстың соңында қатысушылар білуі керек дағдылар:
Кеуде рентгенінде, кеуде томографиясында және өкпенің ультрадыбыстық зерттеуінде жеңіл, орташа, ауыр және қатал COVID-19 күдігімен ауыратын науқастар үшін жалпы кескіндеу нәтижелерін анықтау;
Науқастар мен медицина қызметкерлерінің визуализация қауіпсіздігін жақсарту үшін инфекцияның алдын алу және бақылау әдістері мен радиациялық қауіпсіздік шараларымен байланыстыру;
Оксигенотерапияның негіздемесін түсіндіру және көрсеткіштерді тізіп атау;
COVID-19 күдігімен ауыратын науқастарды бағалау мен басқаруда импульстік оксиметрияны дұрыс қолдану;
Оттегі терапиясын қажет ететін COVID-19 күдікті науқастарға мұрын канюласы немесе бет маскасы арқылы оттегі терапиясын бастау және біртіндеп дозаны тағайындай алу;
COVID-19 бар науқасты клиникалық түрде жеңіл, орташа немесе ауыр деп жіктеу;
Жылдам нашарлау мен ауыр аурудың қауіп факторларын анықтау;
COVID-19 бар науқасқа, оның ішінде созылмалы аурулары бар науқастарға, балалар мен жүкті әйелдерге үйде күтім жасау мәселелерін талқылау;;
Бактериалды қосалқы инфекцияға күдіктенген COVID-19 науқастарында микробқа қарсы қолдану көрсеткіштерін талқылау, антибиотиктерді қолдану әдістеріне мысалдар келтіру және режимді тоқтату немесе өзгерту нұсқауларын келтіру;
COVID-19 симптомдарымен сәйкес келетін немесе науқастарды COVID-19 жұқтыруы мүмкін жиі кездесетін өткір және созылмалы инфекцияларды тани білу және басқару.
Курстың ұзақтығы: Бұл курсты аяқтауға шамамен 3 сағат кетеді.
Сертификаттар: Тестілеу қорытындысы бойынша, кемінде 80% нәтиже көрсеткен қатысушыларға жетістік туралы сертификат беріледі. Қатысуды растау сертификат курстық материалдың, кемінде 80% меңгерген қатысушыларға беріледі. Жетістік рекордын алған қатысушылар осы курсқа арналған Ашық белгіні жүктей алады. Қалай екенін білу үшін мына жерді басыңыз.
Курс қазақ тіліне аударылған Курс атауы: Clinical management of patients with COVID-19: Investigations and care for mild, moderate and severe disease, 2021. ДДҰ бұл аударманың мазмұны мен дәлдігі үшін жауап бермейді. Ағылшын тілі мен қазақ тілі арасында сәйкессіздіктер болған жағдайда ағылшын тіліндегі түпнұсқасына басымдық беріледі және дұрыс нұсқасы болып табылады.Бұл аударманы ДДҰ тексермеген. Бұл ресурс тек оқу мақсатына арналған.
Курс қазақ тіліне аударылған Курс атауы: Clinical management of patients with COVID-19: Investigations and care for mild, moderate and severe disease, 2021. ДДҰ бұл аударманың мазмұны мен дәлдігі үшін жауап бермейді.