Жіті респираторлық инфекциялардың (ЖРИ) өршуіне тиімді ден қою үшін барлық персоналдың базалық білімі мен дағдылары болуы тиіс. Олар: ЖРИ деген не, олар қалай беріледі, инфекция қаупін қалай бағалау керек және өзін-өзі қорғаудың негізгі гигиеналық шараларын түсінуі керек. Бұл оқу пакеті видеолар мен жүктелетін презентацияларды қамтитын 4 модульден тұрады.

Self-paced
Language: Казақ тілі
COVID-19

Course information

Бұл курс келесі тілдерде қол жетімді:

English - français - Bahasa Indonesia - русский - Português - 中文 - Español - العربية - Tiếng Việt - বাংলা - Shqip - македонски - Tetun - Polski - සිංහල - ภาษาไทย - தமிழ்

Шолу: Бұл курста жіті респираторлық инфекцияларға (ЖРИ) жалпы кіріспе және инфекциядан қорғаудың негізгі гигиеналық шаралары көрсетілген. Курстың соңында сіз жіті респираторлық инфекциялар туралы негізгі ақпаратты, оның ішінде олардың не екенін, қалай берілетінін, инфекция қаупін қалай бағалау керектігін және инфекциядан қорғаудың негізгі гигиеналық шараларын сипаттай аласыз.

Оқыту мақсаты: Қатысушыларға жіті респираторлық инфекцияның негізгі аспектілері туралы, инфекция жұқтыру қаупін бағалау және инфекциядан қорғаудың негізгі гигиеналық шаралары туралы жалпы түсінік беру.

Курстың ұзақтығы: шамамен 2 сағат.

Сертификаттар: Курсты аяқтағаны туралы сертификат тестілеу нәтижесі бойынша кемінде 80% балл жинаған қатысушыларға беріледі.

Қазақ тіліне аударылған, ePROTECT Respiratory Infections, 2020. .ДДҰ осы аударманың мазмұны немесе дәлдігі үшін жауап бермейді. Ағылшын және қазақ тіліндегі аударма арасында қандай да бір сәйкессіздік болған жағдайда, басымдық ағылшын нұсқасына беріледі және түпнұсқасы болып табылады.

Course contents

  • 1 модуль: Жіті респираторлық инфекция (ЖРИ) қоғамдық денсаулық сақтаудың маңызды мәселесі ретінде - Кіріспе:

    Оқытудың жалпы мақсаты: Жіті респираторлық инфекциялар, оның ішінде берілуі, симптомдары, емдеу және алдын алу шаралары туралы негізгі ақпаратты ұсыну.
  • 2 модуль: Жіті респираторлық инфекциялардан (ЖРИ) қорғану тәсілдері:

    Оқытудың жалпы мақсаты: Қауіпті анықтау, қауіпті қалай және қай уақытта бағалау қажет және ЖРИ қатерлерін қалай қалай төмендетуге болады деген сұрақтарға түсінік беру.
  • 3 модуль: Негізгі гигиеналық шаралар:

    Оқытудың жалпы мақсаты: ЖРИ-ден қорғаудың негізгі гигиеналық шараларын сипаттау.
  • 4 модуль: Медициналық масканы дұрыс тағу:

    Оқытудың жалпы мақсаты: Медициналық масканы қашан және қалай тағу керектігін сипаттау.

Enroll me for this course

The course is free. Just register for an account on OpenWHO and take the course!
Enroll me now

Featured content

Certificate Requirements

  • Gain a Record of Achievement by earning at least 80% of the maximum number of points from all graded assignments.