COVID-19 шалдыққан науқастарды клиникалық басқару - жеңіл, орташа және ауыр ауруларды зерттеу және емдеу

COVID-19 шалдыққан науқастардың клиникалық жағдайда емдеу курстар жиынтығы курсында COVID-19 жеңіл, орташа және ауыр түріне шалдыққан науқастарды емдеу стратегиясына шолу жасалады. " COVID-19 зертханалық зерттеулер" жұмысында және "COVID-19 рентген кескіндері" тақырыбына арналған үш модульде зерттеулер мен диагностика талқыланады. "Мұрын канюлалары мен бет маскалары арқылы оттегі терапиясы" жұмысында оттегінің енгізілуіне ерекше назар аударылады. «Жеңіл және орташа COVID-19 емдеу », «Ауыр COVID-19 емдеу» және «Қосалқы инфекциялар мен COVID-19-да микробқа қарсы препараттарды қолдану» жұмыстарында емдеу сұрақтары қарастырылады. Осы курсты толықтыратын COVID-19 терапиясы мен алдын-алуға арналған жеке курс бар екенін ескеріңіз.

Бұл материалдар 24.06.2021 жылы іске қосылды. COVID-19-ға қатысты ғылыми дәлелдер мен техникалық нұсқаулар үнемі дамып отыратындықтан, бұл курстағы материалдар ескірген. Бұл курс қайта қарастырылуда. Әзірге соңғы жаңартулар үшін https://www.who.int/emergencies/diseases/novel-coronavirus-2019 сілтемесін қараңыз.

Фото кредиттер: WHO/ Asad Zaidi

Self-paced
Language: Казақ тілі
COVID-19

Course information

Бұл курс келесі тілдерде қол жетімді:

English - हिन्दी, हिंदी - नेपाली - Tiếng Việt - मैथिली- Русский

Шолу: COVID-19 шалдыққан науқастардың клиникалық жағдайда емдеу курстар жиынтығы COVID-19 пандемиясы кезінде медицина қызметкерлеріне арналып құрастырылған. Курс науқастарға қауіпсіз, тиімді және сапалы күтімді қамтамасыз етуге қажетті маңызды білімді ұсынады. Презентациялар клиникалық жағдайда емдеудің барлық аспектілерін, оның ішінде қондырғыларды дайындау мен асқынуды жоспарлау; медицина қызметкерлері арасында инфекциялардың алдын-алу және бақылау; өзара жұқтыру; COVID-19 жеңіл, орташа және ауыр түріне шалдыққан науқастарды емдеу; егде жастағы, жүкті және педиатриялық COVID-19 науқастарына ерекше назар аудару; оңалту; сондай-ақ этика және паллиативті көмек тақырыптарын қарастырады. Курстар жиынтығында бейне дәрістер мен жүктелетін презентациялар қолданылады, олар соңғы ұсыныстар мен дәлелдерді ескере отырып жаңартылды. Әр модульде 5-8 дәріс бар және әр дәрісте білім алуды бағалауға арналған тест қарастырылған.

Егер сіз COVID-19 шалдыққан науқастардың клиникалық жағдайда емдеудің басқа аспектілері туралы көбірек білгіңіз келсе, осы курстардың қалған модульдерін қарап шығыңыз:

Оқу мақсаты:

Бұл курстың соңында қатысушылар білуі керек дағдылар:

  • COVID-19 диагнозын қою мен емдеу үшін жиі қолданылатын зертханалық көрсеткіштер мен зерттеулердің орынды қолданылуын талқылау;
  • COVID-19 бар науқастар үшін кеуде қуысын визуализациялау көрсеткіштерін, әдістер мен пікірлерді талқылау;
  • Кеуде рентгенінде, кеуде томографиясында және өкпенің ультрадыбыстық зерттеуінде жеңіл, орташа, ауыр және қатал COVID-19 күдігімен ауыратын науқастар үшін жалпы кескіндеу нәтижелерін анықтау;

  • Науқастар мен медицина қызметкерлерінің визуализация қауіпсіздігін жақсарту үшін инфекцияның алдын алу және бақылау әдістері мен радиациялық қауіпсіздік шараларымен байланыстыру;

  • Оксигенотерапияның негіздемесін түсіндіру және көрсеткіштерді тізіп атау;

  • COVID-19 күдігімен ауыратын науқастарды бағалау мен басқаруда импульстік оксиметрияны дұрыс қолдану;

  • Оттегі терапиясын қажет ететін COVID-19 күдікті науқастарға мұрын канюласы немесе бет маскасы арқылы оттегі терапиясын бастау және біртіндеп дозаны тағайындай алу;

  • COVID-19 бар науқасты клиникалық түрде жеңіл, орташа немесе ауыр деп жіктеу;

  • Жылдам нашарлау мен ауыр аурудың қауіп факторларын анықтау;

  • COVID-19 бар науқасқа, оның ішінде созылмалы аурулары бар науқастарға, балалар мен жүкті әйелдерге үйде күтім жасау мәселелерін талқылау;;

  • Бактериалды қосалқы инфекцияға күдіктенген COVID-19 науқастарында микробқа қарсы қолдану көрсеткіштерін талқылау, антибиотиктерді қолдану әдістеріне мысалдар келтіру және режимді тоқтату немесе өзгерту нұсқауларын келтіру;

  • COVID-19 симптомдарымен сәйкес келетін немесе науқастарды COVID-19 жұқтыруы мүмкін жиі кездесетін өткір және созылмалы инфекцияларды тани білу және басқару.

Курстың ұзақтығы: Бұл курсты аяқтауға шамамен 3 сағат кетеді.

Сертификаттар: Тестілеу қорытындысы бойынша, кемінде 80% нәтиже көрсеткен қатысушыларға жетістік туралы сертификат беріледі. Қатысуды растау сертификат курстық материалдың, кемінде 80% меңгерген қатысушыларға беріледі. Жетістік рекордын алған қатысушылар осы курсқа арналған Ашық белгіні жүктей алады. Қалай екенін білу үшін мына жерді басыңыз.

Курс қазақ тіліне аударылған Курс атауы: Clinical management of patients with COVID-19: Investigations and care for mild, moderate and severe disease, 2021. ДДҰ бұл аударманың мазмұны мен дәлдігі үшін жауап бермейді. Ағылшын тілі мен қазақ тілі арасында сәйкессіздіктер болған жағдайда ағылшын тіліндегі түпнұсқасына басымдық беріледі және дұрыс нұсқасы болып табылады.Бұл аударманы ДДҰ тексермеген. Бұл ресурс тек оқу мақсатына арналған.

Курс қазақ тіліне аударылған Курс атауы: Clinical management of patients with COVID-19: Investigations and care for mild, moderate and severe disease, 2021. ДДҰ бұл аударманың мазмұны мен дәлдігі үшін жауап бермейді.

Course contents

  • 1-модуль: COVID-19 кезіндегі зертханалық зерттеулер:

    Осы модульдің соңына қарай сіз білуіңіз керек дағдылар: SARS-CoV-2 тестілеуін қашан қарау керектігі; SARS-CoV-2 үшін әр түрлі диагностикалық тесттер; COVID-19 пациенттерінде жиі кездесетін зертханалық ауытқуларды сипаттау.
  • 2-модуль: COVID-19 рентген кескіні:

    Осы модульдің соңына қарай сіз білуіңіз керек дағдылар: COVID-19 бар науқастарды клиникалық бағалауда кеуде қуысының кескінінің рөлін тану; әр түрлі өкпе кескіндеу әдістерінің сипаттамаларын сипаттау және COVID-19 бар науқастар үшін диагностикалық кескіндеуде ескеру; кеуде қуысының рентгенографиясында, кеуде қуысының КТ және өкпенің ультрадыбыстық зерттеуінде COVID-19 бар науқастарға тән кескіндеу нәтижелерін анықтау; пациенттер мен медицина қызметкерлерін қорғауға көмектесу үшін медициналық кескіндеуде радиациялық қорғаныс принциптерін қолдану; және пациенттер мен медицина қызметкерлерін кеуде кескінін қолданатын COVID-19 кезінде қорғауға көмектесу үшін инфекцияның алдын алу және бақылау шараларын қолданыну.
  • 3 -модуль: Жеңіл және орташа COVID-19 емдеу: симптоматикалық ем, пневмонияны емдеу және амбулаторлық бақылау:

    Осы модульдің соңына қарай сіз білуіңіз керек дағдылар: COVID-19 бар науқастарға оттегі терапиясының рөлін түсіндіру;қанның оттегі деңгейін өлшеудегі импульсті оксиметрияның рөлін сипаттау;оттегімен емдеуге көрсеткіштерді сипаттау; оттегі терапиясын мұрын канулалары мен маскалар арқылы қалай бастау керектігін түсіндіру; мұрын кануласы немесе маскалар арқылы жеткізілетін оттегі терапиясын қалай біртіндеп дозаны тағайындау керектігін түсіндіру
  • 4-модуль: Мұрын каннюлалары мен бет маскалары арқылы оттегі терапиясы:

    Осы модульдің соңына қарай сіз білуіңіз керек дағдылар: жеңіл және орташа COVID-19 емінің нұсқаларын сипаттау; тез нашарлаудың, ауыр аурудың немесе COVID-19-дан қайтыс болу қаупінің жоғарылауының: қауіп факторларын талқылау; COVID-19-мен ауыратын науқастарға үй жағдайында қарауды талқылау.
  • 5-модуль: Ауыр COVID-19 емдеу: катаң пневмонияның емі:

    Осы модульдің соңына қарай сіз білуіңіз керек дағдылар: ересектер мен балалардағы ауыр COVID-19 клиникалық ерекшеліктерін сипаттау; ересектер мен ауыр COVID-19 бар балаларды емдеуді талқылау.
  • 6-модуль: Қосалқы инфекциялар мен COVID-19-да микробқа қарсы препараттарды қолдану:

    Осы модульдің соңына қарай сіз білуіңіз керек дағдылар: COVID-19 бар науқастарда қосалқы инфекцияны ерте анықтаудың маңыздылығын сипаттау; жалпы жедел қосалқы инфекциялардың тиісті емін сипаттау; созылмалы инфекциялардың алдын алу мен емдеуді жалғастырудың маңыздылығын түсіндіру; COVID-19 күдігімен науқастарға эмпирикалық микробқа қарсы терапияны қашан тағайындау керектігін сипаттау.

Enroll me for this course

The course is free. Just register for an account on OpenWHO and take the course!
Enroll me now

Certificate Requirements

  • Gain a Record of Achievement by earning at least 80% of the maximum number of points from all graded assignments.
  • Gain a Confirmation of Participation by completing at least 80% of the course material.