Curso disponível

Стандартты сақтық шаралары: қоршаған ортаны тазарту және дезинфекциялау

Oferecido por OpenWHO
Стандартты сақтық шаралары: қоршаған ортаны тазарту және дезинфекциялау

Денсаулық сақтау ортасы әр түрлі микроорганизмдер популяциясынан тұрады және потенциалды патогендер үшін қойма (резервуар) бола алады. Егер қоршаған ортаны тазарту дұрыс жүргізілмесе, онда қоршаған ортаның ластануы көп дәрілік препараттарға төзімді ағзалар мен денсаулыққа байланысты инфекциялардың таралуына ықпал етуі мүмкін. Инфекцияның алдын алу және бақылау (IPC) мен экологиялық (санитарлық) қызметтер (EVS) қызметкерлері арасындағы ынтымақтастық аурудың таралуында денсаулық сақтау ортасының рөлін шектейді.

Em modo autodidata
Idioma: Казақ тілі
COVID-19

Informações do curso

Бұл курсты келесі тілдерде оқуға болады:

English - Tetun - Bahasa Indonesia -Nederlands - Հայերեն - македонски

Overview: Бұл модульде сіз IPC кәсіпқойының қоршаған ортаны тазартудағы рөлін қарастырасыз және тазалау мен дезинфекцияның денсаулық сақтау ортасының ластануын болдырмайтынын түсінесіз.

Үйрену мақсаттары: Бұл сессияның соңында сіз:

  • IPC пен экологиялық (санитарлық) қызметтер арасындағы ынтымақтастық бағыттарын сипаттай алатын боласыз
  • Денсаулық сақтау ортасы мен қоршаған ортаны тазарту мақсатын сипаттай алатын боласыз
  • Кәдімгі және терминалды тазалаудың айырмашылығын анықтай алатын боласыз
  • Экологиялық қызмет қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін стандартты сақтық шараларын сипаттай алатын боласыз
  • Тазалағыш заттар мен дезинфекциялық құралдардың қызметін түсінесіз
  • Денсаулық сақтау жағдайында экологиялық мониторингті қолдануды сипаттай алатын боласыз

Курстың ұзақтығы: Шамамен 1 сағат.

Сертификаттар: Жетістік туралы сертификат пост-тесттен кемінде 70% алған қатысушыларға беріледі. Сіз керекті бағаға қол жеткізгенше, керегінше тестті қайта тапсырып көре аласыз. Жетістік туралы жазбаны алған қатысушылар осы курс үшін Ашық белгіні жүктей алады. Қалай болатынын білу үшін мына жерді басыңыз.

Standard precautions: Environmental cleaning and disinfection (жылы) курсының қазақ тіліне аудармасы. ДДҰ(Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы) осы аударманың дәлдігі немесе мазмұны үшін жауап бермейді. Ағылшынша нұсқа мен қазақша аударманың арасында қандай да бір сәйкессіздік болған жағдайда ағылшынша нұсқасына басымдық беріледі және түпнұсқасы болып саналады.

Inscrever-me neste curso

O curso é gratuito. Basta se registrar para uma conta em OpenWHO e fazer o curso!
Inscrever-me agora
Learners enrolled: 3503

Requisitos de certificado

  • Ganhe um registro de conquista ao ganhar mais de 70% do número máximo de pontos de todas as tarefas com nota.
  • Ganhe um Open Badge ao concluir o curso.