El curso está disponible
Денсаулық сақтау ортасы әр түрлі микроорганизмдер популяциясынан тұрады және потенциалды патогендер үшін қойма (резервуар) бола алады. Егер қоршаған ортаны тазарту дұрыс жүргізілмесе, онда қоршаған ортаның ластануы көп дәрілік препараттарға төзімді ағзалар мен денсаулыққа байланысты инфекциялардың таралуына ықпал етуі мүмкін. Инфекцияның алдын алу және бақылау (IPC) мен экологиялық (санитарлық) қызметтер (EVS) қызметкерлері арасындағы ынтымақтастық аурудың таралуында денсаулық сақтау ортасының рөлін шектейді.
Бұл курсты келесі тілдерде оқуға болады:
English - Tetun - Bahasa Indonesia -Nederlands - Հայերեն - македонски
Overview: Бұл модульде сіз IPC кәсіпқойының қоршаған ортаны тазартудағы рөлін қарастырасыз және тазалау мен дезинфекцияның денсаулық сақтау ортасының ластануын болдырмайтынын түсінесіз.
Үйрену мақсаттары: Бұл сессияның соңында сіз:
Курстың ұзақтығы: Шамамен 1 сағат.
Сертификаттар: Жетістік туралы сертификат пост-тесттен кемінде 70% алған қатысушыларға беріледі. Сіз керекті бағаға қол жеткізгенше, керегінше тестті қайта тапсырып көре аласыз. Жетістік туралы жазбаны алған қатысушылар осы курс үшін Ашық белгіні жүктей алады. Қалай болатынын білу үшін мына жерді басыңыз.
Standard precautions: Environmental cleaning and disinfection (жылы) курсының қазақ тіліне аудармасы. ДДҰ(Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы) осы аударманың дәлдігі немесе мазмұны үшін жауап бермейді. Ағылшынша нұсқа мен қазақша аударманың арасында қандай да бір сәйкессіздік болған жағдайда ағылшынша нұсқасына басымдық беріледі және түпнұсқасы болып саналады.