There is no public course content yet.

Course is available

КОВИД-19 кезіндегі медицина қызметкерлерінің еңбек гигиенасы мен қауіпсіздігі

Offered by OpenWHO
КОВИД-19 кезіндегі медицина қызметкерлерінің еңбек гигиенасы мен қауіпсіздігі

Барлық медицина қызметкерлері қауіпсіз әрі тиімді жұмыс істей алу үшін кәсіптік қауіп-қатер кезіккенде өздерін және өзгелерді қорғау үшін білім мен дағдыларды қажет етеді. Бұл курс осы қажеттіліктерге жауап беретін бес бөлімнен тұрады:

  • Кіріспе
  • Модуль 1: Денсаулық пен қауіпсіздікке төнген жұқпалы қауіп-қатер
  • Модуль 2: Денсаулық пен қауіпсіздікке төнген физикалық қауіп-қатер
  • Модуль 3: Денсаулық пен қауіпсіздікке төнген психологиялық қауіп-қатер
  • Модуль 4: Денсаулық сақтау саласындағы негізгі еңбек гигиенасы мен қауіпсіздігі.

Photo credit: WHO/P.Phutpheng

Бұл материалдар 31.08.2020 жылы іске қосылды. COVID-19-ға қатысты ғылыми дәлелдер мен техникалық нұсқаулар үнемі дамып отыратындықтан, соңғы жаңартуларды https://www.who.int/emergencies/diseases/novel-coronavirus-2019 сайтынан қараңыз.

Self-paced
Language: Казақ тілі
English
COVID-19

Course information

Бұл курсты келесі тілдерде оқуға болады:

English - македонски - Português - Español - Kiswahili - Bahasa Indonesia - Nederlands - 日本語 - български - Français - Türkçe

Шолу: COVID-19 пандемиясы кезінде медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайлары нашарлауы мүмкін. COVID-19 инфекциясын жұқтыру қаупінен басқа, медицина қызметкерлері биологиялық, физикалық немесе психоәлеуметтік сипаттағы басқа да еңбек гигиенасы мен қауіпсіздігіне қатысты қауіп-қатерге душар болып келе жатыр. Сондықтан медицина қызметкерлерінің физикалық және психикалық денсаулығын, қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қорғау үшін ДДСҰ инфекцияның алдын алу мен бақылау, еңбек гигиенасы мен қауіпсіздігі және психоәлеуметтік қолдау шараларынының біріккен нұсқасын ұсынады.

Пандемияға қарсы күреске жұмылдырылған медицина қызметкерлері денсаулықтары мен қауіпсіздіктеріне нұқсан келтіретін неше түрлі кәсіптік қауіп-қатермен бетпе-бет келуі мүмкін. Олардың ішінде: КОВИД-19 инфекциясы, ауру, өзгелерге жұқтыру; ұзақ жұмыс уақытынан және ауыр жұмыс жүктемесінен шаршау, жеткіліксіз ұйқы не демалыс, жеткіліксіз мөлшерде су ішіп, тамақтану; науқастарды және ауыр заттарды ұстаудан тірек-қозғалыс аппаратының зақымдануы, жеке қорғаныс құралдарын пайдалану кезінде ұзақ уақыт жұмыс істеу кесірінен аптығу, тері мен шырышты қабықтың зақымдануы; жұмыс орнындағы зорлық-зомбылық пен стигма, сондай-ақ психикалық денсаулықтың әртүрлі проблемалары, эмоционалдық күйзеліс және кәсіптік күйіп-жану.

Бұл курстың мақсатты аудиториясы - денсаулық сақтау мекемелерінің заңнамалары мен хаттамаларын жасайтын әкімшілер, супервайзерлер, төтенше жағдайлар бойынша менеджерлер және медицина қызметкерлері.

Оқу мақсаттары: Осы курстың соңында қатысушылар:

  • COVID-19 пандемиясымен күрес кезінде медицина қызметкерлері ұшырайтын денсаулық пен қауіпсіздікке қатысты ең жиі кездесетін кәсіптік қауіп-қатерді сипаттай аласыз;
  • медицина қызметкерлерінің лайықты еңбек жағдайларына деген құқықтарын сипаттай аласыз;
  • олардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғау шараларын қалай қолдану керектігін және дамытатын аспектілерді белсенді түрде қалай ұсыну керектігін сипаттай аласыз; және
  • медицина қызметкерлерінің денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғау бойынша көмекші қызметтерге қол жеткізіп, пайдалана аласыз.

Курс ұзақтығы: Шамамен 1 сағат.

Сертификаттар: Жетістіктер жазбасы сертификаты барлық сауалнамада мүмкін болған ұпайлардың кемінде 80%-ын жинаған қатысушыларға қолжетімді болады. Жетістік туралы жазбаны алған қатысушылар осы курс үшін Ашық белгіні жүктей алады. Қалай болатынын білу үшін мына жерді басыңыз.

Курс қазақ тіліне аударылған. Курс атауы: Occupational health and safety for health workers in the context of COVID-19, 2020. ДДҰ бұл аударманың мазмұны мен дәлдігі үшін жауап бермейді. Ағылшын тілі мен қазақ тілі арасында сәйкессіздіктер болған жағдайда ағылшын тіліндегі түпнұсқасына басымдық беріледі және дұрыс нұсқасы болып табылады. Бұл аударманы ДДҰ тексермеген. Бұл ресурс тек оқу мақсатына арналған.

Course contents

  • Кіріспе:

    Осы кіріспе модулі КОВИД-19 кезіндегі еңбек гигиенасы мен қауіпсіздігіне шолу жасайды.
  • Модуль 1: Денсаулық пен қауіпсіздікке төнген инфекциялық қауіп-қатер:

    Осы модульдің соңында сіз: медицина қызметкерлерінің инфекциялық қауіп-қатерге қалай тап болуы мүмкін екенін түсіндіре аласыз; респираторлық инфекциялар мен қан арқылы берілетін қоздырғыштардың медицина қызметкерлеріне қалай берілетінін сипаттай аласыз; және медицина қызметкерлері өздерін респираторлық инфекциялардан қорғау үшін жасай алатын қадамдарды, яғни: әртүрлі инфекциялардың алдын алу үшін стандартты сақтық шаралары мен бақылау шараларын сипаттай аласыз.
  • Модуль 2: Денсаулық пен қауіпсіздікке төнген физикалық қауіп-қатер:

    Осы модульдің соңында сіз: денсаулық сақтау секторындағы тірек-қимыл аппараты ауруларының негізгі қауіп факторларын атай аласыз; пациенттермен жұмыс істеу кезіндегі жоғары қауіпті әрекеттерді сипаттай аласыз; және медицина қызметкерлері тап болатын кәсіптік қауіп-қатердің негізгі түрлерін және олардың алдын алу жолдарын сипаттай аласыз.
  • Модуль 3: Денсаулық пен қауіпсіздікке төнген психоәлеуметтік қауіп-қатер:

    Осы модульдің соңында сіз: медицина қызметкерлері үшін психоәлеуметтік қауіптердің негізгі көздерін атай аласыз; шаршау белгілерін және оның алдын алу жолдарын сипаттай аласыз; жұмыс орнындағы зорлық-зомбылықтың қауіп факторларын, белгілерін және алдын алу шараларын сипаттай аласыз; және медицина қызметкерлері мен менеджерлердің психикалық денсаулықты қалай қорғап, қолдау көрсете алатынын сипаттай аласыз.
  • Модуль 4: Денсаулық сақтау саласындағы негізгі еңбек гигиенасы мен қауіпсіздігі:

    Осы модульдің соңында сіз: еңбек гигиенасы мен қауіпсіздігі саласындағы жұмыс берушілер мен менеджерлердің міндеттерін, және оны қамтамасыз ету үшін медицина қызметкерлері қабылдай алатын әрекеттерді сипаттай аласыз.

Enroll me for this course

The course is free. Just register for an account on OpenWHO and take the course!
Enroll me now

Certificate Requirements

  • Gain a Record of Achievement by earning at least 80% of the maximum number of points from all graded assignments.
  • Gain an Open Badge by completing the course.