Course is available
SARS-CoV-2 антигеніне диагностикалық экспресс тесттен (Аг-ДЭТ) өтетін барлық жұмысшылар тестілеуді қалай қауіпсіз, сапалы өткізуге болатынын, нәтижелерін саралауға болатынын түсінуі қажет. Бұл курс SARS-CoV-2 Аг-ДЭТ бойынша теоретикалық білім беру мақсатында құрылған. Оқу пакеті алдын ала жазылған презентациялар мен бейнежазбалары бар 10 модульден тұрады.
Назар аударыңыз: Бұл материалдар 12/07/2021 жылы іске қосылды.
Фото: ДДҰ / Блинк БАҚ- Нана Кофи Аквах
Бұл курсты келесі тілдерде оқуға болады:
English - Русский - Español - Português - тоҷикӣ - العربية
Курсқа шолу: SARS-CoV-2 антигені бойынша диагностикалық экспресс тест (Аг-ДЭТ) COVID-19 жағдайларын ПТР диагностикалық тестілеуі қолжетімсіз жерлерде табу үшін жаһандық деңгейде, жиірек ұлтаралық деңгейде қолданылады. Бұл курс Аг-ДЭТ қолданушыларын SARS-CoV-2 антигені бойынша диагностикалық эспресс тестілеуінің теоретикалық және практикалық бөліктері бойынша ақпаратпен қамтамасыз етуді мақсат етеді. Ол Аг-ДЭТ-ді диагностикалық желі бойынша жүзеге асыруды қарастырмайды. Ол SARS-CoV-2 антигені бойынша диагностикалық экспресс тестіне қатысты жұмысшыларды, атап айтқанда, денсаулық сақтау қызметкерлерін, зертхана қызметкерлерін және қоғамдық денсаулық қызметкерлерін көздейді.
Курс ұзақтығы: 2.5 сағат.
Сертификаттар: Жетістік туралы сертификат қорытынды тестілеуден кемінде 80% жинаған қатысушыларға беріледі. Жетістік туралы жазбаны алған қатысушылар осы курс үшін Ашық белгіні жүктей алады. Қалай болатынын білу үшін мына жерді басыңыз.
Спикерлер:
Dr. Belinda Herring,
Laboratory Technical Officer,
Emergency Preparedness and Response,
Health Emergencies Programme,
WHO Regional Office for Africa (AFRO)
Dr. Céline Barnadas,
Laboratory Technical Officer,
Country Readiness Strengthening, Health Emergencies Programme,
World Health Organization Headquarters
Dr. André Trollip,
Senior Technical Officer,
FIND, the global alliance for diagnostics
Mr. Francis Yesurajan Inbanathan,
Laboratory Technical Officer,
Infectious Hazards Management, Health Emergencies Programme,
WHO Regional Office for South East Asia (SEARO)
Ms. Devy M. Emperador
Pandemic Preparedness Team,
Global Health Security and Emerging Threats Programme,
FIND, the global alliance for diagnostics
Берілген курс Неміс Федералды Денсаулық Сақтау Министрлігінің (БMГ) ДДҰ COVID-19 Зерттеу және Даму фондының қолдауымен жетілдірілді.