SARS-CoV-2 антигеніне диагностикалық экспресс тест

SARS-CoV-2 антигеніне диагностикалық экспресс тесттен (Аг-ДЭТ) өтетін барлық жұмысшылар тестілеуді қалай қауіпсіз, сапалы өткізуге болатынын, нәтижелерін саралауға болатынын түсінуі қажет. Бұл курс SARS-CoV-2 Аг-ДЭТ бойынша теоретикалық білім беру мақсатында құрылған. Оқу пакеті алдын ала жазылған презентациялар мен бейнежазбалары бар 10 модульден тұрады.

Назар аударыңыз: Бұл материалдар 12/07/2021 жылы іске қосылды.

Фото: ДДҰ / Блинк БАҚ- Нана Кофи Аквах

Self-paced
Language: Казақ тілі
COVID-19

Course information

Бұл курсты келесі тілдерде оқуға болады:

English - Русский - Español - Português - тоҷикӣ - العربية

Курсқа шолу: SARS-CoV-2 антигені бойынша диагностикалық экспресс тест (Аг-ДЭТ) COVID-19 жағдайларын ПТР диагностикалық тестілеуі қолжетімсіз жерлерде табу үшін жаһандық деңгейде, жиірек ұлтаралық деңгейде қолданылады. Бұл курс Аг-ДЭТ қолданушыларын SARS-CoV-2 антигені бойынша диагностикалық эспресс тестілеуінің теоретикалық және практикалық бөліктері бойынша ақпаратпен қамтамасыз етуді мақсат етеді. Ол Аг-ДЭТ-ді диагностикалық желі бойынша жүзеге асыруды қарастырмайды. Ол SARS-CoV-2 антигені бойынша диагностикалық экспресс тестіне қатысты жұмысшыларды, атап айтқанда, денсаулық сақтау қызметкерлерін, зертхана қызметкерлерін және қоғамдық денсаулық қызметкерлерін көздейді.

Курс ұзақтығы: 2.5 сағат.

Сертификаттар: Жетістік туралы сертификат қорытынды тестілеуден кемінде 80% жинаған қатысушыларға беріледі. Жетістік туралы жазбаны алған қатысушылар осы курс үшін Ашық белгіні жүктей алады. Қалай болатынын білу үшін мына жерді басыңыз.

Спикерлер:

enter image description here

Dr. Belinda Herring,
Laboratory Technical Officer,
Emergency Preparedness and Response,
Health Emergencies Programme,
WHO Regional Office for Africa (AFRO)

enter image description here

Dr. Céline Barnadas,
Laboratory Technical Officer,
Country Readiness Strengthening, Health Emergencies Programme,
World Health Organization Headquarters

enter image description here

Dr. André Trollip,
Senior Technical Officer,
FIND, the global alliance for diagnostics

enter image description here

Mr. Francis Yesurajan Inbanathan,
Laboratory Technical Officer,
Infectious Hazards Management, Health Emergencies Programme,
WHO Regional Office for South East Asia (SEARO)

enter image description here

Ms. Devy M. Emperador
Pandemic Preparedness Team,
Global Health Security and Emerging Threats Programme,
FIND, the global alliance for diagnostics

Берілген курс Неміс Федералды Денсаулық Сақтау Министрлігінің (БMГ) ДДҰ COVID-19 Зерттеу және Даму фондының қолдауымен жетілдірілді.

enter image description here

What you'll learn

  • Сапалы тестілеумен қамтамасыз етудің маңыздылығы мен қате нәтижелердің санын қалай азайтуға болатындығын түсіндіре алуыңыз керек
  • Тестілеу өнімділігін бақылау үшін күнделікті тестілеуді қалай жинауға және саралауға болатындығын сипаттай алуыңыз керек
  • Үлгілерді қалай қауіпсіз жанауға, SARS-CoV-2 антигенін диагностикалық экспресс тестілеуін өткізуге, нәтижелерді саралауға болатындығын сипаттай алуыңыз керек

Who this course is for

  • Аг-ДЭТ қолданушыларына

Course contents

  • 1 Модуль: Кіріспе:

    Бұл модуль курс мазмұны мен мақсаты бойынша шолу жасайды.
  • 2 Модуль: SARS-CoV-2 антигенін диагностикалық экспресс тестіне шолу :

    Бұл модульдің соңына қарай сіз: COVID-19 пациенттеріне күтім жасауда диагностиканың рөлін түсіндіре алуыңыз және COVID-19-ға қатысты диагностиканың түрлері мен оларды қайда қолдануға болатындығын сипаттай алуыңыз қажет.
  • 3 Модуль: SARS-CoV-2 антигенін диагностикалық экспресс тест стратегиялары:

    Бұл модульдің соңына қарай сіз: SARS-CoV-2 Антиген ДЭТ қолданудағы негізгі ұсынымдарды түсіндіре алуыңыз; SARS-CoV-2 антиген ДЭТ қолданылуы керек шараларды сипаттай алуыңыз және SARS-CoV-2 антиген ДЭТ қолданылмауы керек шараларды сипаттай алуыңыз қажет.
  • 4 Модуль: SARS-CoV-2 антигеніне ДЭТ және сапа тесті:

    Бұл модульдің соңына қарай сіз: сапа тестілеуі дегеніміз не және оның неліктен маңызды екендігін түсіндіре алуыңыз; тура емес нәтиженің түрлері мен олардың салдарын түсіндіре алуыңыз және кіріспе тестілеу, тестілеу және қорытынды тестілеу кезеңдеріндегі жиі кездесетін қателер мен олардың алдын алу жолдарының тізімін жасай алуыңыз қажет.
  • 5 Модуль: SARS-CoV-2 антиген ДЭТ тестілеуіндегі қауіпсіздік :

    Бұл модульдің соңына қарай сіз: қандай жеке қорғаныс құралдары қажет екендігін және оларды қалай қолдану керектігін сипаттай алуыңыз; дезинфектанттарды қалай дайындап қолдану керектігін түсіндіре алуыңыз және тесттерді қалай қауіпсіз өткізіп, қалдықтардан қалай қауіпсіз жоюға болатындығын түсіндіре алуыңыз қажет.
  • 6 Модуль: Үлгі жинау:

    Бұл модульдің соңына қарай сіз: үлгі жинауға қажетті жеке қорғаныс құралдарын сипаттай алуыңыз; өзіңіздің үлгі жинау орныңызды қалай дайындайтыныңызды түсіндіре алуыңыз; SARS-CoV-2 тестілеуіне қандай үлгілер жарамды екендігін сипаттай алуыңыз; SARS-CoV-2 тестілеуіне үлгі жинаудағы сақтық шараларын сипаттай алуыңыз және үлгілерді тасымалдау үшін қалай қаптау керектігін сипаттай алуыңыз қажет.
  • 7 Модуль: Тестілеуге дайындық: Құрал-жабдықтар :

    Бұл модульдің соңына қарай сіз: SARS-CoV-2 Антиген ДЭТ тестілеуіне қажетті барлық жабдықтарды тізіп анықтай алуыңыз; SARS-CoV-2 Антиген ДЭТ жинағының барлық бөліктерін анықтай алуыңыз; қосалқы қорларды басқару ережелерін түсіндіре алуыңыз; жабдықтарға қашан және қалай тапсырыс жасау керектігін түсіндіре алуыңыз; жабдықтардың жеткізілуін қабылдамас бұрын қалай бақылау керектігін сипаттай алуыңыз; SARS-CoV-2 Антиген ДЭТ материалдарын бақылаудағы «мерзімі бірінші аяқталады, бірінші кетеді» ережесін түсіндіре алуыңыз; жинақтар мен жабдықтарды арнайы сақтау шарттарында қалай ұстау керектігін сипаттай алуыңыз керек.
  • 8 Модуль: SARS-CoV-2 антиген ДЭТ өткізу:

    Бұл модульдің соңына қарай сіз: SARS-CoV-2 антиген ДЭТ өткізуде қадағалау қажет негізні қадамдарды сипаттай алуыңыз және жеке тест нәтижелерін қалай саралау керектігін түсіндіре алуыңыз қажет.
  • 9 Модуль: SARS-CoV-2 ДЭТ деректерін қолдану:

    Бұл модульдің соңына қарай сіз: тестілеу бетінде қандай құжаттар мен жазбалар болу керектігін тізе алуыңыз; SARS-CoV-2 Антиген ДЭТ журналының мазмұны мен оны қалай қолдану керектігін сипаттай алуыңыз; сапа көрсеткіштерінің мақсатын сипаттай алуыңыз; SARS-CoV-2 Антиген ДЭТ-та бақылануы керек сапа көрсеткіштерін тізе алуыңыз және SARS-CoV-2 Антиген ДЭТ деректерін қалай саралау керектігін түсіндіре алуыңыз қажет.
  • 10 Модуль: Сапалы нәтижемен қамтамасыз ету:

    Бұл модульдің соңына қарай сіз: cапалы нәтижемен қамтамасыз ету мен оның басты компоненттерін анықтай алуыңыз; Сапаны басқару материалдарын сипаттай алуыңыз; Сыртқы Сапа Бағалау мен оның басты компоненттерін анықтай алуыңыз және тасымалдау үрдісін сипаттай алуыңыз қажет.
  • Post-test

Enroll me for this course

The course is free. Just register for an account on OpenWHO and take the course!
Enroll me now
Learners enrolled: 990

Certificate Requirements

  • Gain a Record of Achievement by earning at least 80% of the maximum number of points from all graded assignments.