Please log in to proceed.

Course is available

COVID-19 вакциналары бойынша тренинг

COVID-19 вакциналары бойынша тренинг

CОVID-19 вакцинациясын енгізуге қатысатын медицина қызметкерлері қауіпсіз және тиімді иммундауды қамтамасыз ету үшін вакцина туралы белгілі бір білімге ие болуы керек. Бұл тренинг қысқаша оқыту бейнероликтерін, вакциналар бойынша түсініктемелерді, жұмыс материалдарын, тақырыптық нұсқаулықтарды және жүктелетін презентацияларды ұсыну арқылы COVID-19 вакциналары туралы негізгі ақпаратты қамтиды. CОVID-19 вакцинациясы бойынша медицина қызметкерлеріне арналған тренинг COVID-19 вакцинациясының ұлттық бағдарламасына сәйкес негізделген.

Басқа вакциналарға қатысты қосымша бейнероликтар мен ресурстар төтенше жағдайларда (EUL) немесе қайта біліктілік берілгеннен кейін пайдалануға арналған құралдар тізіліміне енгізілген кезде қосылатынына назар аударыңыз.

Фото: WHO/Blink Media - Chiara Luxardo

Self-paced
Language: Казақ тілі
Казақ тілі, English
COVID-19

Course information

Бұл курсты келесі тілдерде оқуға болады:

English - 中文 - Русский - Français - Português - Español - العربية - Українська

Шолу: A2021 жылғы наурыздағы жағдай бойынша, бірнеше COVID-19 вакциналарын ДДҰ және қатаң реттеуші органдары адамдарға енгізуге мақұлдаған болатын және қазіргі уақытта елдер оны енгізуде. Вакцинацияны сәтті жүргізу үшін әртүрлі препараттарды дұрыс түсіну өте маңызды. Бұл курс төтенше жағдайларда қолданылатын құралдар тізіліміне енгізілген нақты COVID-19 вакциналары туралы ақпаратты ұсынады. Бұл курс вакцинаторлар, клиницистер және COVID-19 вакцинациясына қатысатын басқа үйлестірушілер жұмыс барысында қолдану үшін арналған.

Басқа вакциналарға қатысты қосымша бейнероликтар мен ресурстар төтенше жағдайларда (EUL) немесе қайта біліктілік берілгеннен кейін пайдалануға арналған құралдар тізіліміне енгізілген кезде қосылатынына назар аударыңыз.

Оқыту мақсаты:

Курс соңында қатысушылар келесі машықтарды игеруі тиіс:

  • Курста ұсынылған COVID-19 қарсы препараттарды айналдыруды, дайындауды және қолдануды;
  • Шығару нысаны мен вакцинациялау схемасын, енгізу рәсімі мен қауіпсіздігі, сақталуын, айналысын, таңбалануын және қаптамасын қамтитын нақты вакциналар бойынша ақпаратты меңгеруі керек;
  • Анафилаксияны анықтай алуды және оған әрекет етуді.

Курстың ұзақтығы: шамамен 10 мин.

Сертификаттар: Қатысу сертификаты оқу материалын 100% меңгерген қатысушылар үшін қолжетімді.

COVID-19 вакциналарын басқару және енгізуге арналған құралдар бойынша толық ақпарат алу үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз COVID-19 vaccine introduction toolkit

Курс қазақ тіліне аударылған. Курс атауы: COVID-19 vaccine-specific resources, 2021 ДДҰ бұл аударманың мазмұны мен дәлдігі үшін жауап бермейді. Ағылшын тілі мен қазақ тілі арасында сәйкессіздіктер болған жағдайда ағылшын тіліндегі түпнұсқасына басымдық беріледі және дұрыс нұсқасы болып табылады. Бұл аударманы ДДҰ тексермеген. Бұл ресурс тек оқу мақсатына арналған.

Course contents

  • Анафилаксияның Күйзеліспен байланысты әсерден айырмашылығы:

    Сіз дұрыс әрекет ету үшін, біз бұл видеода анафилаксияны қалай тануға болатындығын және анафилаксияны иммундаудан кейін күйзеліспен байланысты әсерден қалай ажыратуға болатындығын көрсетеміз.
  • Анафилаксияны анықтау және емдеу:

    Бұл видеода Біз анафилактикалық әсерге қалай дайын болу керектігін; анафилаксияның белгілері мен симптомдарын қалай анықтауға болатынын және күрделі аллергиялық әсер болған науқасты қалай емдеу керектігін көрсетеміз.
  • AstraZeneca от COVID-19 вакцинасын енгізу:

    Осы видеода COVID-19 қарсы AstraZeneca вакцинасын қалай сақтау және енгізу керектігін көрсетеміз.
  • COVID-19 қарсы Janssen вакциналарын дайындау және сақтау:

    Бұл видеода біз COVID-19 қарсы Janssen вакцинасын қалай сақтауға, жібітуге және қолдануға болатындығын көрсетеміз.

Enroll me for this course

The course is free. Just register for an account on OpenWHO and take the course!
Enroll me now

Certificate Requirements

  • Gain a Confirmation of Participation by completing at least 100% of the course material.