Cours est disponible
ДДҰ-ның ауыр жіті респираторлық инфекцияларды (АЖРИ) клиникалық емдеу тренингінің қысқаша курсына қош келдіңіз.
COVID-19 пациенттерін клиникалық басқаруға бағытталған жаңа курс 2020 жылдың қазан айында жарық көрді. COVID-19 пандемиясы кезіндегі денсаулық сақтау қызметкерлеріне арналған соңғы техникалық басшылықты көрсететін курсқа қол жеткізу үшін мына жерді басыңыз.
Назар аударыңыз: бұл материалдар 22.10.2020 жылы іске қосылды.
Бұл курсты келесі тілдерде оқуға болады:
English - français - русский - Português - Bahasa Indonesia - Tiếng Việt - Español - македонски - العربية - Tetun- සිංහල
Шолу: ДДҰ-ның ауыр жіті респираторлық инфекцияларды (АЖРИ) клиникалық емдеу тренингінің қысқаша курсы ауыр жіті респираторлық инфекциясы бар пациенттерді клиникалық жүргізу бойынша материалдарды қамтиды.
Бұл курс кіріс деңгейі төмен және орташа елдердегі реанимация және қарқынды терапия бөлімшелерінде (РҚТБ) жұмыс істейтін, сондай-ақ ауыр жіті респираторлық инфекцияға (АЖРИ), оның ішінде, ауыр пневмонияға, жіті респираторлық дистресс-синдромға (ЖРДС), сепсис пен септикалық шокқа шалдыққан ересек науқастар мен балаларды клиникалық жүргізумен айналысатын практикалық дәрігерлерге арналған. Бұл практикалық нұсқаулық құс тұмауы вирусының (H5N1, H7N9), MERS-CoV коронавирусының және жаңа COVID-19 коронавирусының салдарынан тұмаудың (маусымдық) өршуі кезінде немесе басқа да жаңа респираторлық вирустық инфекция індеттері кезінде қарқынды терапияны ұйымдастыруға қатысатын денсаулық сақтау саласындағы мамандар жұмыс барысында қолдануы үшін әзірленді.
Курс мақсаттары: Бұл курстың соңында қатысушылар:
Курс ұзақтығы: шамамен 10 сағат.
Куәліктер: Қатысу туралы сертификат курс материалының 90%-ын аяқтаған қатысушыларға беріледі.
Мақсатты аудитория: Бұл курс кіріс деңгейі төмен және орташа елдердегі реанимация және қарқынды терапия бөлімшелерінде (РҚТБ) жұмыс істейтін практикалық дәрігерлерге арналған.