Please log in to proceed.

Course is available

ДДҰ-ның ауыр жіті респираторлық инфекцияларды клиникалық емдеу

ДДҰ-ның ауыр жіті респираторлық инфекцияларды клиникалық емдеу

ДДҰ-ның ауыр жіті респираторлық инфекцияларды (АЖРИ) клиникалық емдеу тренингінің қысқаша курсына қош келдіңіз.

COVID-19 пациенттерін клиникалық басқаруға бағытталған жаңа курс 2020 жылдың қазан айында жарық көрді. COVID-19 пандемиясы кезіндегі денсаулық сақтау қызметкерлеріне арналған соңғы техникалық басшылықты көрсететін курсқа қол жеткізу үшін мына жерді басыңыз.

Назар аударыңыз: бұл материалдар 22.10.2020 жылы іске қосылды.

Self-paced
Language: Казақ тілі
COVID-19

Course information

Бұл курсты келесі тілдерде оқуға болады:

English - français - русский - Português - Bahasa Indonesia - Tiếng Việt - Español - македонски - العربية - Tetun- සිංහල

Шолу: ДДҰ-ның ауыр жіті респираторлық инфекцияларды (АЖРИ) клиникалық емдеу тренингінің қысқаша курсы ауыр жіті респираторлық инфекциясы бар пациенттерді клиникалық жүргізу бойынша материалдарды қамтиды.

Бұл курс кіріс деңгейі төмен және орташа елдердегі реанимация және қарқынды терапия бөлімшелерінде (РҚТБ) жұмыс істейтін, сондай-ақ ауыр жіті респираторлық инфекцияға (АЖРИ), оның ішінде, ауыр пневмонияға, жіті респираторлық дистресс-синдромға (ЖРДС), сепсис пен септикалық шокқа шалдыққан ересек науқастар мен балаларды клиникалық жүргізумен айналысатын практикалық дәрігерлерге арналған. Бұл практикалық нұсқаулық құс тұмауы вирусының (H5N1, H7N9), MERS-CoV коронавирусының және жаңа COVID-19 коронавирусының салдарынан тұмаудың (маусымдық) өршуі кезінде немесе басқа да жаңа респираторлық вирустық инфекция індеттері кезінде қарқынды терапияны ұйымдастыруға қатысатын денсаулық сақтау саласындағы мамандар жұмыс барысында қолдануы үшін әзірленді.

Курс мақсаттары: Бұл курстың соңында қатысушылар:

  • ауыр жағдайдағы науқасты ауруханаға жатқызудан бастап ауруханадан шығаруға дейін күтім жасау үшін қолдануға болатын кейбір қажетті әдістерді қолдана алатын болады.

Курс ұзақтығы: шамамен 10 сағат.

Куәліктер: Қатысу туралы сертификат курс материалының 90%-ын аяқтаған қатысушыларға беріледі.

Мақсатты аудитория: Бұл курс кіріс деңгейі төмен және орташа елдердегі реанимация және қарқынды терапия бөлімшелерінде (РҚТБ) жұмыс істейтін практикалық дәрігерлерге арналған.

Course contents

  • 1 модуль: COVID-19-ға кіріспе, инфекцияның профилактикасы және инфекциялық бақылау:

    Бұл модульде 30.01.2020 жылғы жағдай бойынша COVID-19 ға қатысты жаңартылған клиникалық ақпарат, сондай-ақ ауыр жіті респираторлық инфекцияларға (АЖРИ) шалдыққан пациенттер үшін инфекциялар профилактикасы және инфекциялық бақылау (ИПИБ) туралы ақпараттар қарастырылады.
  • 2 модуль: сепсис және ЖРДС клиникалық синдромдары, патофизиологиясы:

    Бұл модульде сепсис пен ЖРДС-нің клиникалық синдромдары мен патофизиологиясы қарастырылады.
  • 3 модуль: Триаж (медициналық сұрыптау):

    Бұл модульде АЖРИ бар науқастарды сұрыптау және ерте диагностикалау тақырыптары қарастырылады. Ол екі рөлдік сценарийді қамтиды.
  • 4 модуль: Пациенттерді бақылау:

    IБұл модульде қатысушылар АЖРИ-мен ауырған пациенттерді бақылауды үйренеді.
  • 5 модуль: Диагностика:

    Бұл модульде қатысушылар АЖРИ диагностикалау үшін үлгілер және талдауларды сұрыптау, сараланған диагностика туралы біледі.
  • 6 модуль: Оксигенотерапия (оттекті терапия):

    Бұл модульде оттекті терапия қарастырылады.
  • 7 модуль: Микробқа қарсы препараттар:

    Бұл модульде микробқа қарсы терапия мен диагностикалық тестілеу нәтижелерін өңдеуден кейінгі емдеу сызбасының өзгеруі қарастырылады.
  • 8 модуль: Сепсис:

    Бұл модульде қатысушылар сепсис пен септикалық шок кезінде мақсатты реанимацияны қалай жүргізу керектігін біледі.
  • 9 модуль: Өкпені жасанды желдету:

    Бұл модульде қатысушылар жіті респираторлық дистресс-синдромы (ЖРДС) бар пациенттерге инвазивті желдетуге арналған өкпенің қорғаныс желдеткіші туралы білетін болады.
  • 10 модуль: Седация:

    Бұл модульде жіті респираторлық дистресс-синдром (ЖРДС) кезінде өкпені инвазивті жасанды желдету, науқастың ауырсыну синдромы, абыржуы мен сандырақтауы кезіндегі ем-шаралары қарастырылады.
  • 11 модуль: Ауруды асқындырмаудың озық тәсілдері:

    Бұл модульде асқындырулардың алдын алу бойынша озық тәсілдері қарастырылады.
  • 12 модуль: Пациентті жасанды желдетуден шығару:

    Бұл модульде қатысушылар пациентті инвазивті жасанды желдетуден шығару туралы білетін болады.
  • 13 модуль: Критикалық жағдайда көмек көрсетудің сапасы:

    Бұл модульде критикалық жағдайда көмек көрсетудің сапасы қарастырылады.
  • 14 модуль: Пандемияға дайындықты қамтамасыз ету және этикалық ой-пікірлер:

    Бұл модульде қатысушылар пандемияға дайындықты қамтамасыз ету және этикалық ой-пікірлер туралы білетін болады.

Enroll me for this course

The course is free. Just register for an account on OpenWHO and take the course!
Enroll me now

Certificate Requirements

  • Gain a Confirmation of Participation by completing at least 90% of the course material.