COVID-19: Оперативті жоспарлау бойынша нұсқаулық және елдік деңгейде дайын болу және әрекет ету шараларын қолдау үшін COVID-19 серіктес платформасы

БҰҰ-ның елдік топтарына COVID-19 дайындығын және оған әрекет ету бойынша қабылданатын шараларды кеңейтуге көмектесу үшін ДДҰ осы оқу модульдерін Елдік деңгейде дайын болу және әрекет ету шараларын қолдауға арналған Оперативті жоспарлау нұсқауларына қосымша материал ретінде жасады.

Тренинг келесіге арналған:

  • БҰҰ елдік командалары үшін (БҰҰЕК)
  • Басқа мүдделі тараптар үшін, оның ішінде серіктестер, донорлар және азаматтық қоғам (кейбір модульдер үшін)
  • COVID-19 қарсы елдің дайындығын арттыру үшін
  • Елдерге COVID-19 қарсы әрекет ету әлеуетін арттыруға көмектесу
  • Әрекет ету (жауап беру) және дайындықты арттыру шараларын қабылдауға қатысты халықаралық үйлестіруді күшейту үшін
  • Ресурстарды бөлу және елдердің дайындық деңгейін бағалау процесстерін тиімді үйлестіру.

Бұл оқу пакеті бейнелер мен жүктелетін презентациялары бар 3 модульден тұрады.

Назар аударыңыз: бұл материалдар 03/03/2020 жылы іске қосылды.

Self-paced
Language: Казақ тілі
COVID-19

Course information

Бұл курсты келесі тілдерде оқуға болады:

English - Português - français - русский - 中文 - Bahasa Indonesia - العربية - Español

Шолу: Бұл 3 модульдік оқу пакеті COVID-19 өршуіне үйлестірілген жаһандық жауап беру жоспарының қажеттілігі контекстін ұсынады. Онда Елдердің дайындығын және оларға жауап беруді қолдау үшін Оперативті жоспарлаудың жүзеге асыру бойынша қажетті нұсқаулық берілген. Бұл жоспарлау нұсқаулары қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы дайындық пен жауап берудің негізгі салаларында дайындық пен жауап беру жөніндегі елдердің жоспарларына енгізілуі керек, ол басым қадамдар мен әрекеттерді сипаттайды. Бұл бұрын жарияланған COVID-19 стратегиялық дайындық және жауап беру жоспарына (СДЖБЖ) сәйкес келеді. Осы курстың соңында тағайындалған БҰҰЕК жетекші жоспарлаушылар мен тиісті серіктестер COVID-19 өршуіне жауап беру әлеуетіндегі кемшіліктерді бағалай және толтыра алуы керек.

Оқудың негізгі мақсаттары:

  • Басқаларға Оперативті жоспарлау нұсқауларын қолдана отырып, COVID-19 өршуі үшін СДЖБЖ енгізудің маңыздылығы туралы ақпарат бере алу
  • Қоғамдық денсаулық сақтау саласында дайын болу мен оларға жауап берудің 8 құрылымдық компонентін, сондай-ақ БҰҰ-ның елдік командалар арқылы қабылдануы керек алғашқы әрекеттер тәртібін сипаттай білу.
  • Елдің дайындық және жауап беру жоспарлары үшін COVID-19 Серіктестік платформасын қолдана отырып, дайындық деңгейін бағалау үшін қажетті іс-қимылдардың, тиімділік көрсеткіштерінің және ресурстардың толық жиынтығымен қолдана білу

Курстың ұзақтығы: 1-ші және 2-ші модульдер үшін шамамен 1 сағат, ал 3-ші модуль үшін тағы 1 сағат.

Сертификаттар: Курсты аяқтағаны туралы сертификат 1-ші және 2-ші модульдері бойынша тестілеу нәтижесіне сәйкес 80% немесе одан да көп балл жинаған қатысушыларға беріледі. 3-ші модуль кез келген сертификаттаудан босатылған. Жетістік туралы жазбаны алған қатысушылар осы курс үшін Ашық белгіні жүктей алады. Қалай болатынын білу үшін мына жерді басыңыз.

Қазақ тіліне аударылған, COVID-19: Operational Planning Guidelines and COVID-19 Partners Platform to support country preparedness and response, 2020. ДДҰ осы аударманың мазмұны немесе дәлдігі үшін жауап бермейді. Ағылшын және қазақ тіліндегі аударма арасында қандай да бір сәйкессіздік болған жағдайда, басымдық ағылшын нұсқасына беріледі және түпнұсқасы болып табылады.

Course contents

  • 1-ші модуль: Осы бағдарламаның миссиясы мен мақсаты (COVID-19 туралы ақпаратты қоса алғанда):

    берілген оқу пакетінің мақсаты мен контекстін сипаттау, басшылықтың алғы сөздері және COVID-19 туралы өзекті ақпарат
  • 2-ші модуль: Елдік деңгейде дайындық және жауап беру:

    Eлдердің дайындығын және жауап беруін қолдау үшін Оперативті жоспарлаудың нұсқауларына кіріспе, сондай-ақ өзекті ақпарат пен құжаттамаға қолжетімділік ұсыну
  • 3-ші модуль: Қоғамдық денсаулық сақтау саласында жауап берудің құрылымдық компоненттері:

    Елдік деңгейде дайындық пен жауап беру үшін Оперативті жоспарлау нұсқауларында сипатталған сегіз құрылымдық компоненттің әрқайсысына терең техникалық талдау жасау.

Enroll me for this course

The course is free. Just register for an account on OpenWHO and take the course!
Enroll me now

Certificate Requirements

  • Gain a Record of Achievement by earning at least 80% of the maximum number of points from all graded assignments.