课程进行中

COVID-19: Қауіп туралы ақпараттандыру мен қоғамдастықтың қатысуы бойынша мәселелер

提供者 OpenWHO
COVID-19: Қауіп туралы ақпараттандыру мен қоғамдастықтың қатысуы бойынша мәселелер

Бұл курста COVID-19 пандемиясына қатысты дәлелдерге негізделген нұсқаулықтар пайдаланылған. Ол қауіп туралы негізгі ақпараттандыру мен қоғамдастықтың қатысуын қамтиды (RCCE) және әртүрлі қауіп деңгейлері бар әртүрлі популяцияларға әсер ететін кеңейтілген індет жағдайында оларды қалай іске қосуға болатындығын көрсетеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының штаб-пәтерінен, аймақтардан және денсаулық сақтау министрліктерінен алынған иллюстрациялар COVID-19 кезінде әзірленген хабар алмасу және басқа коммуникациялық араласулардың нақты мысалдарын береді.

Назар аударыңыз: Бұл материалдар 24.02.2021 жылы іске қосылды.

Суреттің авторы: ДДҰ Бангладеш/ Татьяна Алмейда

自学
语言: Казақ тілі
COVID-19

课程信息

Бұл курс келесі тілдерде қол жетімді:

English - Українська - فارسی

Шолу: Бұл курс елдердің, қауымдастықтың және жеке адамдардың іске асырылып жатқан денсаулық сақтау мен әлеуметтік шараларды қолдай отырып, COVID-19 пандемиясының күнделікті адам өміріне айтарлықтай әсер ететін 2021 жылы шешу керек мәселелерге назар аударады.

Оқыту нәтижелері: Осы курстың соңында, қатысушылар:

  • жауап берудің келесі кезеңі үшін мінез-құлықтың өзгеруін қалай қолдау керектігін түсіндіре алады; және
  • аймақтар мен елдердің әдістерін, тәсілдерін және дәлелденген әрекеттерін сипаттай алады.

Курс ұзақтығы: Шамамен 2 сағат.

Серитификаттар: Жетістік сертификаты барлық викториналарда қол жетімді жалпы ұпайлардың кемінде 80% жинаған қатысушыларға табысталады. Жетістік сертификатын алған қатысушыларға осы курстың Open белгішесін жүктеп алуға болады. Қалай жүктелетінін осы жерден қараңыз.

Курс қазақ тіліне аударылған Курс атауы: COVID-19 infodemic management: risk communication and community engagement challenges, 2021. ДДҰ бұл аударманың мазмұны мен дәлдігі үшін жауап бермейді. Ағылшын тілі мен қазақ тілі арасында сәйкессіздіктер болған жағдайда ағылшын тіліндегі түпнұсқасына басымдық беріледі және дұрыс нұсқасы болып табылады.Бұл аударманы ДДҰ тексермеген. Бұл ресурс тек оқу мақсатына арналған.

课程内容

  • 1-Модуль: Қауіп туралы ақпараттандыру және қоғаммен әрекеттесу бойынша Шолу:

    Қатысушылар келесі әркеттерді іске асыруды үйренеді: қауіп туралы ақпараттандыру және қоғаммен әрекеттесуді анықтау (ҚАҚӘ); қоғамдық денсаулық сақтаудағы төтенше жағдайлар кезінде ҚАҚӘ үшін негізгі қиындықтарды түсіндіру; белгісіздікті басқару үшін бірнеше ҚАҚӘ тактикасын анықтау; қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларға әрекет ететін агенттіктерге қатысты қоғамдық сенімнің бірнеше элементтерін анықтау; мүдделі тараптар мен қауымдастықтарды «тыңдау» және тарту үшін бірнеше механизмдерді анықтау.
  • 2-Модуль : Салауатты мінез-құлықты ынталандыру мақсатында COVID-19 қаупін қабылдауға әсер ету:

    Қатысушылар келесі әрекеттерді іске асыруды үйренеді: денсаулық саласындағы төтенше жағдайларға қатысты қауіпті қабылдау тұжырымдамасын сипаттау; қауіпті қабылдау қалай және неге өзгеретінін және қоғамдық денсаулық сақтау бойынша ұсыныстарды сақтау үшін әртүрлі деңгейлердің салдарын анықтау; тәуекел топтары мен ғылыми сарапшылардың қауіпті қабылдауына әсер ететін денсаулыққа қауіптердің когнитивті және эмоционалдық/контекстік сипаттамаларын анықтау; қатысушылар денсаулыққа қауіп төндіретін әртүрлі сипаттамаларды қауіпті қабылдауға әсер ету үшін хабарламаларда қалай қолдануға болатынын сипаттай алады.
  • 3-Модуль : Мінез-құлық өзгерісін қолдау:

    Қатысушылар келесі әрекеттерді іске асыруды үйренеді: COVID-19 сияқты денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлардың ұзақ мерзімді кезеңдерінде тәуекелді қабылдау шегін және мінез-құлықтың өзгеруін қолдау қорқынышын шақыруын сипаттау; «бұрыннан орын алып келген мәртебені қате түсінік деп тану» адамдарға жаңа немесе әртүрлі мінез-құлықтарды ұстануды қалай қиындататынын анықтау; жаңа, қорғаныс әрекеттерін сақтауға көмектесетін ұсыныстарды орындауды жеңілдету үшін нақты тактиканы сипаттау; Қоғамдық денсаулық сақтау жөніндегі ұсыныстарды ұстануды ынталандыру үшін түрткі қалай жұмыс істейтінін түсіндіру; Денсаулықты COVID-19-дан қорғау шараларын тиянақсыз сақтайтын топтардың бірнеше түрін анықтау және оларды ұсыныстарды орындауға көндірудегі қиындықтарды түсіндіру.

订阅本课程

该课程是免费的。 只需在OpenWHO上注册一个帐户并参加课程!
现在注册吧

证书要求

  • 课程证书 授予者需要至少取得课程总分的百分之 80%
  • 完成课程可获得开放徽章