Curso disponível

Вакцина қауіпсіздігі негіздері

Вакцина қауіпсіздігі негіздері

Бұл курс қатысушыларды вакциналық фармакологиялық қадағалау негіздерімен таныстырады. Курстың мақсаты - вакцина қауіпсіздігі мәселелеріне қатысы бар кәсіп иелерінде ортақ түсінік қалыптастыру. Бұған медбикелер, акушерлер, денсаулық сақтау қызметкерлері, сондай-ақ фармацевттер, медициналық дәрігерлер және бағдарламалық немесе техникалық қызметкерлер кіруі мүмкін.

Em modo autodidata
Idioma: Казақ тілі
Health topic

Informações do curso

Бұл курс келесі тілдерде қол жетімді:

English - Français - Español - Русский - Українська

Шолу

Вакцинация – адамзат тарихындағы денсаулық сақтау саласындағы үлкен жетістіктердің бірі. Ұлттық иммундау бағдарламаларында (ҰИБ) қолданылатын вакциналар дұрыс пайдаланылған кезде қауіпсіз және тиімді болып саналады.

Дегенмен, вакциналар қауіп-қатерсіз емес және вакцинациядан кейін кейде жағымсыз жанама әсерлер пайда болады. Вакцина қауіпсіздігіне халықтың сенімі вакцинация бағдарламаларының сәттілігінің кілті болып табылады.

Вакцина қауіпсіздігімен айналысатын мамандар әртүрлі ортадан шыққан. Олардың жұмыстары өзара байланысты және бір-біріне тәуелді болғандықтан, біркелкі ынтымақтастықты қамтамасыз ету үшін оларға «ортақ тіл» қажет.

Курс туралы

Осы Вакцина қауіпсіздігі негіздері курсының мақсаты - вакцина қауіпсіздігі мәселелеріне қатысы бар кәсіп иелерінде ортақ түсінік қалыптастыру.

Ол қатысушыларды вакциналық фармакологиялық қадағалау негіздерімен таныстырады, соның ішінде:

  • Вакцина қауіпсіздігіне кіріспе;
  • Вакцина түрлері мен жанама әсерлері;
  • Иммундаудан кейінгі жанама әсерлер (ИКЖӘ);
  • Вакцина қауіпсіздігін қадағалау;
  • Қатысқан институттар мен механизмдер;
  • Вакцина қауіпсіздігі туралы қалай хабарлау туралы практикалық кеңес.

Курс құрылымы

Курс алты модульден, үш жағдайлық есептен және қорытынды бағалаудан тұрады. Кожен модуль містить тести та запитання для перевірки ваших знань наприкінці курсу.

Загальне оцінювання, яке перевіряє ваше розуміння в кінці всього курсу.

Курс ұзақтығы

Шамамен 5 сағат.

Сертификат

Жетістіктер жазбасы сертификаты соңғы бағалаудағы жалпы ұпайдың кемінде 80% мөлшерін жинай алған қатысушыларға беріледі.

Жетістік рекордын алған қатысушылар осы курсқа арналған Ашық белгіні жүктей алады. Қалай екенін білу үшін мына жерді басыңыз.

Курс қазақ тіліне аударылған. Курс атауы: Vaccine Safety Basics, 2022. ДДҰ бұл аударманың мазмұны мен дәлдігі үшін жауап бермейді. Ағылшын тілі мен қазақ тілі арасында сәйкессіздіктер болған жағдайда ағылшын тіліндегі түпнұсқасына басымдық беріледі және дұрыс нұсқасы болып табылады. Бұл аударманы ДДҰ тексермеген. Бұл ресурс тек оқу мақсатына арналған.

O que você vai aprender

  • Жұқпалы аурулармен күресуде вакцинацияның маңызын түсіндіре аласыз;
  • Вакцинацияның негізгі принциптерін сипаттай аласыз;
  • Иммунизациядан кейінгі жанама әсерлердің (ИКЖӘ) негізгі түрлерін анықтай аласыз;
  • Вакцина қауіпсіздігінің негізгі функцияларын немесе қызметтерін сипаттай аласыз;
  • Вакцина қауіпсіздігі бойынша коммуникацияны жақсарту қажеттілігін түсіне аласыз;
  • Вакцина қауіпсіздігі туралы ақпаратты мақсатты аудиторияға жеткізу үшін қарапайым, түсінікті және бейімделген хабарламаларды жасай аласыз;
  • Фармакологиялық қадағалаудың негізгі қағидаттарын және иммундау бағдарламаларына қолданылатын ерекше шарттарды сипаттай аласыз;

Inscrever-me neste curso

O curso é gratuito. Basta se registrar para uma conta em OpenWHO e fazer o curso!
Inscrever-me agora

Requisitos de certificado

  • Ganhe um registro de conquista ao ganhar mais de 80% do número máximo de pontos de todas as tarefas com nota.
  • Ganhe um Open Badge ao concluir o curso.